Арылу.

О, бір үзік тағдырым, жек көр мені,
Қылығымды еске алып өткендегі….
Өзіңді өзің кіналап жыламағын,
Құр жылаумен ашылмас, сірә бағың.

Әдемісің, қылықты һәм еркесің,
Өміріңді менсіз-ақ мәнді етерсің.
Парасаттым, демеші, бекер мұның,
мен өзіңнен үн-түнсіз кеткендігім,
Арқалағым келмеді обалыңды,
Сезім менсізде бақытты боларыңды.

Сені және өткенді ұмытқым кеп,
«Дүниедегі ең жаман жігітпін»- деп,
Өз-өзімді сен болып жек көремін,
Өкініштің отына өртенемін.

Сөйтіп бір күні барлығын ұмытармын,
Жан жаураса жырыммен жылытармын.
Осы ойға мен тоқтадым ойлай келе,
О, бір үзік тағдырым, жек көр мені.
Жек көр мені.

Авторын білмеймін.

12 пікір

Korkem
Әдемісің, қылықты һәм еркесің,
Өміріңді менсіз-ақ мәнді етерсің.
сөзім жоқ…
Delfina
мен өзіңнен үн-түнсіз кеткендігім,
Арқалағым келмеді обалыңды,
Сезем менсізде бақытты боларыңды.
дұрыс емесқой осы. Адам шын сүйсе соған жету керек емеспе? Үнсіз тастап кеткенмен ол күтіп жүре берсе, сонда екі жүректе бақытсыз болады ғой.
Jako
Менің жағдайымды басқа білмесе де сен білесің ғой, амалым қанша.
aika
Бұл өлеңнің аты «Арылу» емес, «Жек көр мені». Авторы ақын Алмас Темірбай. өлеңнің дұрыс нұсқасы төменде

ЖЕК КӨР МЕНІ

О, бір үзік тағдырым, жек көр мені,
Қылығымды еске алып өткендегі….

Өзіңді-өзің кіналап жыламағын,
Құр жылаумен ашылмас, сірә, бағың.

Әдемісің, қылықты һәм еркесің,
Өміріңді менсіз-ақ мәнді етерсің.

Ақылдым-ау, демеші бекер мұның,
Мен өзіңнен үн-түнсіз кеткендігім.

Арқалағым келмеді обалыңды,
Сездім менсіз бақытты боларыңды.

Сені және өткенді… ұмытқым кеп,
«Дүниедегі ең жаман жігітпін» деп,

Өзімді-өзім Сен болып жек көремін,
Өз-өзімнің отыма өртенемін.

Сөйтіп, бір күні барлығын ұмытармын,
Жан жаураса, жырыммен жылытармын.

… Осы ойға тоқталдым көптен бері,
О, бір үзік тағдырым, жек көр мені…

Алмас ТЕМІРБАЙ.
Jako
Рахмет таласым жоқ, жастау кезде жаттаған өлең ғой, кей жерлерінен қателесуім әбден мүмкін. Ал атын, атында ұмытқасын өзім қоя салып едім. Ақын туралы толығырақ жазсаңыз жақсы болар еді.
Kan
Керемет өлең екен. Дәл мендегі сырды ұғып жазғандай.
әттіңай әттеңай!
өмір өкініштерге толып кетті,
арманым өткен күнге еріп кетті,
болашақ әпсәтте құрып кетті.
Әттеңай,әттеңай
Jako
Осыдан бір 15-16 жылдай бұрын жаттап едім, өзіме қатты ұнайды, ол кезде қайнап тұрған кез.
m170785
аға тамаша екен сөзі
Jako
Авторының кім екенін білмей жүр едім, сәті түсті.
aika
Ақын Алмас Темірбай туралы мәлімет пен өлеңдерін www.massagan.com/oleng.php?mod=akyn_beti&akyn_id=410 біле аласыз.
AKA
Қатты ұнайды шығармашылығы, Алмас ағаның
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.