Қоштасу.

Ұмыт бәрін,
Жүрегіңді жүрегім жылытқанын,
Өрт құшады өзегім… еске түссе,
Қыз кездегі бейкүнә қылықтарың.

Жыламашы,
Шыда тағдыр осылай сынағасын,
Көрсетпеші, тамшыдай көз жасыңды,
Не бар дейсің мен үшін мұнан ащы.

Сен басқасың,
Өзгеріппіз, бүгінде мен басқамын,
(Тақиядай тарылда-ау кең аспаным,)
Ойлаушы едім келіні өзің болсаң деп анашымның,
Құрысын сенсіз бүйтіп жер басқаным.

Кінәламан,
Сәтсіз өмір бұйырған, сірә маған,
Менің жетім жанымның жарасы ауыр,
Өзіне өз тағдыры ұнамаған.

Маған бүгін,
Ең, соңғы рет, бір күліп қара күнім,
Сонсоң..., біздер жыламай қоштасайық,
Бастамайық, тағыда, жаман ырым. (кім жазғанын білмеймін) 011

12 пікір

kuka097
Ассалаумағалейкум Жако аға.Неге барлық өлеңдеріңізді қосып бір постқа жазбайсыз? Керемет болар еді…
Jako
Керек кезде жинап алармыз…
pari
өлеңдеріңіз тамаша
Korkem
Жыламашы,
Jako
Көркем,ұнамады ма?
Korkem
неге ұнамасын, тебірентті. Тек ендігі тілегім, қосыңызшы жастарды, барі қоштасып не жын көрінген дим да)))
Jako
Жақсы,қосайын))))
Korkem
рахмет, ағасы)) күтудемін
qyrmyzy
Ең, соңғы рет, бір күліп қара күнім,
Сонсоң...
диплом жазуға кірісем…
Жылаттыңыз, шынымен, қосыңызшы
aika
СОҢҒЫ КЕЗДЕСУ

Ұмыт бәрін,
Жүрегіңді жүрегім жылытқанын.
Өрт құшады өзегім … еске түссе
Қыз күндегі бейкүнә қылықтарың.

Жыламашы,
Шыда, тағдыр осылай сынағасын.
Көрсетпеші күнәсіз көз жасыңды,
Не бар дейсің мен үшін мұнан ащы?!..

Сен басқасың,
Өзгеріппіз бүгінде мен басқамын.
(Тақиядай тарылды кең аспаным).
Келіні өзің болсаң деп ем анамның,
Құрысын, сенсіз бүйтіп жер басқаным…

Кінәламан,
Сәтсіз ғұмыр бұйырған сірә, маған.
Менің жетім жанымның жарасы ауыр,
Өзіне өз тағдыры ұнамаған.

Маған бүгін,
Ең соңғы рет күлімдеп қара, күнім.
Сонсоң… біздер жыламай қоштасайық,
Бастамайық тағы да жаман ырым…

Алмас ТЕМІРБАЙ.
Jako
Сәл келмей жатса ренжіме, мен көп бұрын жаттағаным бойынша еске түсіре отырып жазғанмын. Сен Алмастың продюссері емеспісің?
aika
Жоқ, Ол менің продюсерім десе болады.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.