Иманыңды берік ұста сен - жан балам

Әй, қарақтарым-ай, шырақтарым, көктем келіп бір уақытқа барлығың бал сезімге еріп, махаббатқа мас болып жүр екенсіңдер, әрине жақсы ғой шаттану деген. Бірақ та қазақтың салты мен ғұрпынан, бастысы дінінен алшақтамаған дұрыс! Әй, сендерсіңдер ғой көзіміздің қарашығы, үмітіміздің шырақтары, солай деп бүгін бір өлеңдетіп насихат жүргізейн деп едім, қарақтарым, ой түйіп ғибрат алыңдар:

Қараңғылық түсіпті көз қаққанша,
Көз ілмеймін бұл түні таң атқанша!
Күтіп едім бұл түнді айлар бойы,
Есігімді Қадыр түні кеп соққанша!

Мың айдан да артық болған бұл түнде,
Ғибадатта болар әркім, әлем де!
Жындар өзі зікір салып жатқанда,
Ғибадатта болар әркім, әлем де!
Сауап деген, судай болып аққанда!
Жұлдыз ағып, жер құлпырып баққанда,
Ғибадатта болар әркім, әлем де!
Әр бір пенде сәжде өтеп жатқанда,
Иман кіріп, жүрек отын жаққанда,
Ғибадатта болар әркім, әлем де!

Бұл түн қасиетті құранда бар,
Құран да, осы түнде аян болар!
Сауабы ешкімге де мәлім емес,
Бұл түнде үлкееен бір ғибрат бар!

Алланың жақын болған ең бір кезі,
Сәжде өтеп жатқанда шын пендесі!
Қабыл болған дұғалардың бұл бір кеші,
Осы Қадыр түнді өтінемін, өтеші!

Нұрға толар бұл түнде барша ғалам,
Қалай ұйықтап жатасың ей сен балам?
Бұл уақыт — ғибадаттың уақыты ғой,
Ұйықтап қалып, надандардан болма жаман!
Шайтандар әр уақытта, арам болған,
Адастырған пенделерді адал жолдан,
Бірақ бұл түн, ол жындар кісенделд,
Азғырушы жоқ енді, сені балам!
Мұндай кезде ғибадат парыз болған,
Мұсылманның жүрегі нұрмен толған!

6 пікір

Manas
Туууу, шіркін!
Korkem
Па, шіркін!
AqSaqal, осылай жиі-жиі жазып тұрсаңыз қайтеді? Өмір көрген адамсыз, айтарыңыз да, жазарыңыз да көп болар?
AqSaqal
Oi karagym jas emespiz goi, densaulik mumkindik bermeidi goi kurygyr… bizdiki sol internetten senderdin kyzyktaryndy korip otyru keide-keide)))
mairosh
МашАллах дұрыс айтасыз.
Moldir_96
Жақсы жазыпсыз, АқСақал ата! Көп жасаңыз! Сізден көптеген қызықты да, пайдалы посттар күтеміз!
Jako
Постың жазылу мәнерін әзілге шаптырғысы келсе де, айтылып отырған нәрсе әзіл емес, сондықтан пост тамаша дер едім. Сіздерден сұранарым қалжыңға айналдырмасаңыздар екен.Плюс қоюым қиын болса да қойдым(+).
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.