Махаббат монологы.

Көкжиектен шығуға да жақын күн,
Ал мен әлі ұйықтай алмай жатырмын.
Иә жаным, аңсап сені көз ілмей,
Тағы да бір арай таңды атырдым.

Махаббатым зор байтерек еңселі,
Ән мен жырым сағынышымның өлшемі.
Сенші маған, сағынышым, аруым,
Мәңгілікке сүйіп өтемін мен сені.

Ажал жетіп кімдерге ақыр келмеген
Ақтық демім таусылса, егер мен де өлем.
Ал енді бұл дүниеде мен сүйген,
Махаббатым жалғыз сен дер едім.

Мейлі маған сұрағыңды төкпеле,
Ылғи мені сағынасың деп неге.
Сүйген жүрек іздеп сені сағынар,
Ақтық демім таусылатын сәтте де.

Жүрегіңе, жүрегім қол созғасын,
Көл дария болмасыншы көз жасым.
Сезім отына өртенуді жазса да,
Тағдыр бізге ерте өлуді жазбасын.

Нұрым ба едің көктегі күннен күткен,
Аумайсың сен, қызғалдақ гүлден тіптен.
Өмірге асықпын мен,ғашықпын мен,
Өзіңе ғашық болып жүргендіктен.

ЖАНЫМ!
Мөлдір сезім пәк көңілдің байлығы!
Біз де, жаным, түсінбейік жай мұны.
Қайғы алмасын, лайланбасын, көңілдің,
Жырға толы, нұрға толы айдыны.
Сен де жаным, сені сүйген жүрекке,
Силай көрме, силай көрме қайғыны. :035:.............(авторын білмедім)

5 пікір

ereke_enu
Көкжиектен батуға да жақын күн,
Ал мен әлі ұйықтай алмай жатырмын.
Түсінбедім, күн әлі көкжиекке батпаса, қалай болды сонда?))) Қалғаны керемет!!!
Jako
Енді оқып көрші, тура болды ма?
ereke_enu
О о о мынау енді басқаша)))
qyrmyzy
мына көктем әсер етіп жүрген айтаберліктер оқып ап, жылайтын болды! Керемет!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.