Группамен қоштасу

Енді аз уақыттың ішінде аңсап келген, ата қонысқа айналған ҚазҰУ-дан да түлеп ұшамыз. Уақыт атты байлауға көнбейтін күштің бір құдіретке бағынышты екенінде осыдан аңғарамыз-ау! Менен да басқа талай түлеп ұшқалы отырған қырандар осы сайтта бар. Жоғы қаншама? Соларға да арналған қоштасу, жұбату мзмұнындағы Группаға арнап жазған қоштасуымды жариялауды жөң көрдім, достар!

Группамен қоштасу
Біз отыз едік…
Әбдіраштың Жарасқаны
Отыз едік қой біз-дағы,
Еркелеп келіп, табалдырықты аттаған.
Сырларын іште сақтаған.
Группаға бөліп тастаған кезде алты ұлмыз,
Қыздар едіңдер қаптаған.

Көрмедік әлі өмірдің анық күресін,
Дайындық әсте жасадық.
Төрт жыл бойы Қайсардың тыңдап «Ілесін»
Лекциялардан босадық.

Қайран да менің ҚТӘМ,
Қоштасар сәттің туатынында сезген ек.
Өмірдің өзін сүріп кетерміз байқамай,
Уақыттың өзімен бірге дөңгелеп.

Қыздар едіңдер қаптаған,
Әрбірің жыр боп санама тұнған әлемдер.
Біз баламыз деп, біз аламыз деп жүргенде
Боп апты көбі әйелдер.

Төрт пенен беске бітіріптік қой, ой, Алла-ай,
Балл сұрап жүріп жалынып.
Айналып соғып келер ме екенбіз кей шақта
«Данышпан» дейтін Өмағаңдарды сағынып.

Қайран да менің группам,
Республикаға кетесің тардай шашылып.
Алматымда қаламын, сосын қалады
Райханға деген махаббатым да басылып.

Нұрекеңдердің, Елекеңдердің, Битанның,
Арекеңдердің көрерміз өмір шабысын.
Ашылсын деймін бағы шын!
Келіп тұрайық есту үшін ағайдың
«Қарақтырым-ау» деп қарап тұратын дауысын.

Қылжақ сөзімнен, мылжың сөзімнен бір кезде
Кеткен едіңдер жалығып.
Шыныменде жүрейік енді болатын
Елу жылдықтарда жолығып.

Қайранда менің, группам,
Екіден кейін қосылмай кеткен басымыз.
Он жеті менен он сегіз болып келген ек,
Кетіп барамыз жиырмадан асып жасымыз.

Эдвайзер еді Ләйлә Асқар,
Айғайын естіп, естімегендей алдадық.
Көңілін тауып, бір сәтке болсын көтеріп,
Қоштасып сосын, қолын да қысып қалмадық.

«Қызыл көйлектер», келеді талай ақындар.
Сабаққа келмей жатақта айлап жататын.
Ақын болсаңдар дүрілдеп өлең оқыңдар,
Айыздар қанып, рахатқа жандар бататын.

Бізден кейін де бітіретін талай түлектер
«Бұл әннің айтсын жалғасын»
Асылбек қарт рас айтыпты-ау, пәтшағар,
«Қайтеміз енді, құдайым басқа салғасын»
Бағашар Тұрсынбайұлы

7 пікір

qyrmyzy
эх, қоштасу...Қимаймын… Кеше ғана аңғал балмұздақ едік, енді ұшқалы жатырмыз. Қайран, журфакта өткен күндерім-ай… Орыс тілі сабағында арахис жеген күндерім-ай...3-залдың арт жағына барып ұйқтайтын кездерім-ай… Сабақтан қашып, асханаға баратын студенттік кездерім-ай...«511», «307», «407» қызықтары… көз алдымда, қимаймын! Жыладым, күрсіндім, еске алдым, сағындам, қимаймын…
Bagashar
мені де ме?
Bagashar
біздің қыздарымызды ше?
qyrmyzy
«Алма бет аруды» салшы
qyrmyzy
.«511», «307», «407» қызықтары… к
жетпей ме?
qyrmyzy
охо, сендерің орындарың ерекше ғой...Қайраан деп тағы бастаған дей ма?
Bagashar
ой, қайран десеңшш
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.