Неге ғана ауырасың жүрегім?!

Неге ғана ауырасың жүрегім
Сеніменен күнім көріп жүр едім
Тірлігімнің жарқыраған нұры едің,
Алыс қуып тастап тұрған түнегім
Жақсылықтар,
Жамандықтар кездессе,
Өзің едің тілектесім, тірегім
Неге ғана ауырасың жүрегім?!
Сен шаршасаң,
қаламын мен әлсіреп,
Сен қысылсаң,
менде састым қанша рет,
Тамарын да,
тамбасын да білместен,
Дөңгеленіп тұрды көзге тамшы кеп.
Кейде, кейде еңкілдеуге даярмын,
Ерте ғой деп,
есіңді жиып алшы деп
Ақылым да,
жақынымда сен едің.
Батылым да,
батырымда да сен едің.
Сақтай тұғын мені ыстық-суықтан,
Сәулет-сарай,
шатырымда сен едің.
Алатауым, арқамды әр кез сүйеген
Сен тарықсаң,
енді кімге сенемін?!
Сенсіз күн жоқ пақырға да ұлыққа
Сен асаусың,
түспен оңай құрыққа.
Сен қырансың,
жер мен көкті шарлаған
Менің мына тар кеудемде тұрып та.
Жүрексізде күн көреді кейбір қу,
Менің ондай еместігімді ұмытпа!
Неге ғана ауырасың жүрегім
Сенімен күнім көріп жүр едім
Тірлігімнің жарқыраған нұры едің
Алыс қуып тастап тұрған түнегім
Жақсылықтар,
Жамандықтар кездессе,
Өзің едің тілектесім, тірегім
Неге ғана ауырасың жүрегім?!

деп өлен шығарып кетсен))) Авторы кім екнің білмеймін, бірақ маған қатты ұнады. Өлең дәптерімнен жаздым, қателеспесем кезінде бір журналдан жазып алғанмын ау.

10 пікір

Korkem
Тамаша! Сөз саптауы Мұқағали немесе Фариза Оңғарсыноваға ұқсайтын тәрізді…
mairosh
Солау ау тошна білмеймін. Бірақ осыдан 3 жыл бұрын ба жаздым бір журналдан)))))) жылап )))
VVVWWW
мен білсем ол екеуі де емес
VVVWWW
Өте тамаша нағыз өлең, талантты ақын екені көрініп тұр, Жоқ Көркем Фаризаға да, Мұқағалиға да келмейді, Төлегеннің сарыны байқалады бірақ ол емес! (мүмкін бір белгісіз ақынның өлеңі болар, Әйтеуір нағыз ақын екені көрініп тұр) М.Отаралиевке ұқсаттым
mairosh
яяя Бір оқып тебіреніп кеттім))))) жылағым кеп((((
qyrmyzy
жылап? әй, не көрінді?
mairosh
білмеймін сол. көктем ау ()()()((
Korkem
бәлкім… сізге өзімше еліктегенім шығар)))
qyrmyzy
Көктем, көктем!
Осындай өлең, жазбалардан кейін қалай ғана ауырмайсың??
mairosh
мен аурып отырм (((((( ужее
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.