Алма бет ару

Кырмызының сұрауы бойынша!

Алма бет ару

Жүрегім бұлқынып,
Асықтым барым.
Көңілге жыр тұнып
Ғашықпын, жаным.
Ағыл да, тегіл
Себіл де көңіл
Сен маған ұнайсың, алма бет ару.
Сонау бір күзде
Айтпадым неге?
Ғашықпын шыным
Айтпадың деме.
Басылып аптық,
Ғашық боп ақтық
Мен сені сүйем, алма бет ару.
Ай мүсін, күнім,
Асылып саған.
Бұлт болып жөнкіп
Асығып барам.
Дірілдеп сырғаң,
Үлбіреп тұрған
Ғашықпын саған, алма бет ару.
Алма бет ару,
Шам – шырақ түнім.
Ғашық – дастаным,
Бал – шуақ күнім.
Менің тұлымым –
Сенің бұрымың.
Мен мені сүйдім, алма бет ару. 27*03*2009ж
Бағашар Тұрсынбайұлы

15 пікір

mairosh
Қырмызы бір ұшып тұрған шығрғар))))
Bagashar
әлі ұшып жүрген шығар
mairosh
беті алмадай боп кеткен шығар)))) + айтпақшы ұмыттым
qyrmyzy
ұшып жүрмін
qyrmyzy
Рахмеет, күнде ашып, оқып тұратын болдым! Енді кімге арналғанын/алма бет ару жайлы бір пост күтеміз
Bagashar
иә! Суретімен салып қоям!
qyrmyzy
Алма бет арудың суреті қайдаааааа??
mairosh
Алма бет деген томпақ бетті қыздар ғоо))) ммм бүкіл томпақ қыздарға осы өленді айтыпасам)))) Қон болд қайда ұшасын шөксей шамалы))
qyrmyzy
көралмаятсың ба?
mairosh
Шөктіре алмай жатырм)))))
qyrmyzy
Бағашар, алғаш танысқанда осы өлеңді оқымап па ең??
Bagashar
кімге?
qyrmyzy
кімгесі нес? Бөлмеде бәрімізге
Bagashar
ia ia. birden akyn boop tanysyppyn goi,a?
qyrmyzy
хехе, ақын боп таныстың ғҮә
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.