Күлеке,айтшы,осы біз қандаймыз?

Сағынсам да іздеп сені бармаймын,
Есімнен сені бір сәтте шығара алмаймын.
Өз сезімін өз ішіне тұншықтырар.
Күлеке айтшы осы мен қандаймын?..

Қатты сөз айтамын, көңіліңе алмайсың,
Ұрсып та аламын сен оған ашуланбайсың.
Күлкіңмен мені жеңесің ылғи жаймашуақ,
Күлеке, айтшы осы сен қандайсың?..

Кейбір сәтте солқылдақ жас талдаймын,
Енді бірде қаусаған кәрі шалдаймын.
Өз жанын өзі сиғыза алмай жүрген өмірге,
Күлеке, айтшы осы мен қандаймын?

Жадылап мені сиқырлап бейне алғандайсың,
Жаныма жақын болып бір қалғандайсың.
Аңсап сені кей сәтте көп іздеймін,
Күлеке, айтшы осы сен қандайсың?..

Кейбір сәтте асу бермес асқар ала таудаймын,
Енді бірде көмек іздеп, шарасыз жаутаңдаймын.
Өз мінезін өзі ұқпай аласұрған,
Қүлеке айтшы осы мен қандаймын?..

Күміс қатын деймін неге деп таңқалмайсың,
Күнде аурусың деймін, көңіліңе бір алмайсың.
Жақсы көремісің мені әлде, шын ниетіңмен,
Күлеке, айтшы осы сен,қандайсың?..

Бірге болсақ.бір жүрсек жарасатын жандаймыз,
Бірақ соған екеумізде бармаймыз.
Өз бағынан өзі қашқан бұлбұл құстай,
Күлеке, айтшы.осы біз екеуміз қандаймыз.

Арайлап атқан шуақты шапақ таңдайды,
Сынаудан бізді шаршамайды талмайды.
Шаттандырар, шашып та тастар быт-шыт қылып,
Күлеке, айтшы осы, өмір деген қандайды.

JAKO.

6 пікір

Manas
Тамаша өлең, Жака ағай.Кулеке деген кім
Jako
Ойдан алынған прототип қой…
dimash
Ағасы, сіздің сөзіңізге сенбегенім емес, бірақ меніңше, Күлеке деп отырғаныңыз ойдан шығарылғанға ұқсамайды… Бұлай өлең шығу үшін бір себеп болу керек ғой… Мына оленде бір үлкен ой жатыр екен.
Jako
Дұрыс байқағансың Димаш, мен енді біраз өмір сүрдім емес пе, бастан жақсысы бар, жаманы бар біраз нәрсе өтті ғой.
Delfina
Мына өлеңді оқып миымның өзі быт -шыт болып кетті. Қатты ойға кететіндей жазыпсыз. Күшті. (Білгім келіп тұрғаны, сонда бұрынғы ғашығынызбен әлі де сөйлесіп тұрасызба? Айтам апама))))
Jako
Бурынгы екенин билсен болды да… Шантаж ба?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.