Айтаберге де ақын келіп қалыпты!!!

Құдай-ау… Біздің (біздің деп қояйын) Айтаберге де бір ақын келіп қалыпты ия… ия… нағыз ақын…
Кеше таңға жақын Айтабердің поэзия блогын ақтарып отырып, мына жолдарға көзім түсіп кеткені:
«Жүрегі жырлап түнімен.
Шолпанды көріп көз ілген....»

Менің сезімімді тап басып айтқанына қарап ойланып қалдым. Сосын, бұл кім болды екен соншама деп, жеке блогына көз жүгіртпейін бе, «Бақсам бақа екен» демекші Бақашар деген біреу екен: bagashar.aitaber.kz/profile/ (таңға дейін жүрегін жырлатып қойғаннан басқа да кәсіптері бар көрінеді).
Ары қарай өлеңдерін оқи түстім ғой, оның ғашық болған кездерін айтпа, сезімдері буырқанып тасып жатады екен, тіпті жөңкіп кететін де түрі бар екен:
Бұлт болып жөнкіп
Асығып барам.
Дірілдеп сырғаң,
Үлбіреп тұрған
Ғашықпын саған, алма бет ару.

Мұны естіген алма бет аруда арман жоқ шығар-ә
Оқып отырып ойыма Мағжан келді, солардың жалғасы іспетті…
Жарасқанша деп қояды өзі:
… Сен маған көрінсең деймін –
Асау ақынның кермиық өлеңі болып.
Сен маған көрінсең деймін –
Оралхан ағамның Қар қызы болып....

Жоқ, бұл Әбдірашты қайталау емес, өзіндік тың сарыны мен лебі соғып жатырған ақын екен. Жаңаша тілмен айтқанда креатив…
Ойладым мұндай өлеңдерді қайдан алады екен деп, қайдан құйылып келіп жатыр деп… сөйтсем:
Мөлтілдеп екі жанарың
Пәк… солай тұрсын былғанбай.
Сол екі терең көзіңнен
Тамшылап өлең тұрғандай.

....қыздардың көздерінен алады екен, өлеңдерін (қыздар, сақ болыңдар, Бақашар көздеріңнен өлең ұрлайды, тамшылатып отырып)
Сонымен қысқа да болса бұл ақын жайлы өз ойымды білдіре кеткенім ғой, алда талай-талай жыр шумақтарын асыға күте береміз, көңіліміз риза болып қалды, ақын сөзімен айтсақ:
… Риясыз туған сезімге мынау
Реті келмес нүктенің.

Бізге де нүкте қоюдың реті келмес деп ойлаймын…

7 пікір

qyrmyzy
Бақашар
емес, Бағашар!
Ақын ғой, ақын! ВВВдвблюдаблюдаблю, неужели пост жаздың??? Өзің жайлы постты қашан толықтырасың, ВВВ??
VVVWWW
Кешірерсіз, сіздікі дұрыс-қой, бірақ әдейі жазғаным ғой «Бақ ашар» деп
Bagashar
rahmet. peilderinizge! uksap bakkan turimiz goi.rahmet!
Manas
иа, оның өлеңдерін оқыдым.Ақын десе ақын!
Moldir_96
Керемет! Болашағынан үміт күттіретін нағыз ақын сияқты) Бағашар, жарайсыз! Өнеріңіз өрге жүзсін!
Егер Манас аға пост жазбағанда сіз туралы білмес едім… Сізге де рахмет, Манас!
mairosh
иәә шынымен Бағашар керемет ақын. Маған қатты ұнайды өлендері. Осындай адам ортамызда жүргені жақсы ғоо. Жарадың Бағашар))))))
followme_alik
Жақсы таныстыру. Енді Бағашар жеке кітабын шығарса, етті)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.