Ой шумақтары

1.
Уақыт деген күннен күнге зуламақ.
Түсінсеңдер сөздерімді сынап бақ.
Бұрынғылар күн өткенге жыласа,
Қазіргілер тез өткенге қуанбақ.

2.
Жас бала көздері нұр шашады.
Өскен соң көздерін бұлт басады.
Бұлт астында күн көзін көрмеген соң,
Жаңбыр жауып көздеріне жас алады.

3.
Тауда бұлақ,
Сарқырама құлап,
Ағады сулар сан түрлі.
Көздері сынап,
Тыңдайды құлақ,
Айтады тілде әр түрлі.

4.
Өмір қызық, қызық өмір шынында
Шығу қиын биіктің ту шыңына
Құлау оңай, оңай құлау биіктен
Қайта тыру қиын екен шынымен

5.
Қиындық болады әрине қиын кезде,
Біріксек шыдармыз — ау оған бізде,
Жүрсекте сарғайған сары күзде,
Келеді ау күзден кейін көктем бізге.

6.
Сарғайсақта жапырақтай күздегі,
Алмасақ жұлдарды көктегі,
Қазақ атын ар намысын сақтайық.
Өтірік өсек, қызғанышты тастайық.
Қыран құстай алысқа ұшып самғайық.

1 пікір

qyrmyzy
Бұрынғылар күн өткенге жыласа,
Қазіргілер тез өткенге қуанбақ
толық келісемін, әсіресе жұмыс істейтіндер кештің батқанын асыға күтеді
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.