Жарасқанға Пародия!

Үйсіз студенттің сөзі
( Жарасқанша )
О, общага, тоғыз әріп бір арман,
Ол бір арман коменданттардан құралған.
Мың бөлмесің тебіренсем толғасам
Бір бөлме боп жолығасың сен қашан?

Жатақхана демей, общага қойдым жыр атын
Общага алу міндетім, хақым, мұратым.
Ақша да емес, киім де емес бірінші
Общага керек, общага керек тұратын.

Атынан елдің, атынан жердің халықтың,
Декан дегенге көрді дейсің барып кім?
Алдына барсаң уақыты ылғи болмайтын
Замдеканның есігін қағып жалықтым.

Общага алам өжеттікпенен, өрлікпен,
Биіктікпенен, тереңдікпенен, кеңдікпен.
Менен де соңғы адамдар алып үлгерді
Не деген пысық, шіркін-ай, осы ел біткен.

Общага керек күндіз де, түнде, кеште де,
Жүгірем оған күйіп те, сүйіп, сестене.
Астаң да кестең студенттік қызық өмірде
Общактан басқа керек жоқ-ау ештеңе.

Общага алам ақшасы қанша десе де,
Одан күшті емес, кең сарай, үй де, көше де.
Берсе да – алмау, алса да – кірмеу ол үйге
Қылмыстан бетер кешірілмейтін мәселе.

Қилы да, қилы құбылыстарға жан сезген
Общага керек қалса да кеулім қанша езден.
Кірісу керек общага үшін бас тігіп
Әр тиынменен, әр ақша, әр жол, әр сөзбен.

«Общага» деп те –
Сондықтан қойдым жыр атын!
Общага алу –
міндетім,
хақым,
мұратым!
Ақша да емес, киім де емес, бірінші
Общага керек, общага керек тұратын!

9 пікір

qyrmyzy
хех, 4 жыл… сары үй....511, 307, 407…
Bagashar
men turgan Altyn orda goi ol! komendant bolmasa, bari jaksy!
qyrmyzy
ұжс, қимай жүрмін уащееее! 2 ай ғана қалдыыыыыыы
Bagashar
атйпашшшш. Әттеңңң… деп өкіріп отырған жоқпын ба?!
qyrmyzy
"қимай кетіп барамын..."
Bagashar
сызылтып ән салсаңшы
mairosh
студент күні жатаханаға не бәрі 4-5 рет па кіріппін.тығылып
EREIMEN
Баланы мына жылатпай,
Декан түрші құлақты,
Тұрсаңда қанша ұнатпай,
Аз ғана бөлші уақытты.

Берші оған общегасын,
Істеп ішсін тапқан асын,
сізден сұардаы бір өтініш,
Тұратын үй жайы жоқ болғасын,
Білім қуып ауылдан келгенінде
Алып шаһар жат болмасын!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.