Өзің де, жігіт, қызықсың

Мұзафар Әлімбаев
Өзің де, жігіт, қызықсың

Ғашық боп сырттан үзіліп,
Қыз жоқта маған айтасың.
Ол барда өңің бұзылып,
Үндемей үйге қайтасың.

Өзің де, жігіт, қызықсың,
Сырыңды қайдан қыз ұқсын?!
Жұмыстан қайтар кезінде,
Кеңсе алдына барасың.

Тілдесе алмай өзімен
Сыртынан мәз боп қаласың.
Өзің де, жігіт, қызықсың,
Сырыңды қайдан қыз ұқсын?!

Күн нұры түспей гүл өзі
Ашылар деме бекерге.
Жігіттің жылы бір сөзі
Жібітпей қызды кетер ме?
Өзің де жігіт, қызықсың,
Сырыңды қайдан қыз ұқсын?!

61 пікір

beko
Авторы өзіңіз бе? Жаман емес! Егер сіз болсаңыз, онда сол жігітті осында шақырайық та…
Jako
М.Әлімбаевтікі деп тұр ғой,қызық ер адам жазатын өлеңдерге ұқсамайды.
beko
Ия әрине! Ер адамнан осындай өлең шумағы шыққан десе кім сенер? Бірақ өмірде бәрі мүмкін гой.
Jako
М.Әлімбаев үлкен, танымал ақын ғой.
Togzhan
Бұл өлең «Алқа» журналының 2011 жылғы сандарының біріне жарияланған болатын:
М.Әлімбаев негізінен балалар ақыны. Ересектерге арналған өлең, поэмалары да бар. Әсіресе әнге жазылған өлеңдері ұтымды. Соның бірі- "Өзің де, жігіт, қызықсың"-делінген де, өлең жарияланыпты. Бұл өлеңді ән ретінде ешқашан естімеген екенмін, тіпті өлеңді де сол кезде бірінші рет оқыған едім…
Jako
Тоғжан, бұл өлеңнің әні бар, кімдіке екенін ойыма түсіре алмай отырмын.Еске түссе жазамын.
Togzhan
Жақсы болар еді, рахмет!
Turekhan
Сонда бұның қай жері ұқсамайды ердікіне?!
a63a1
несі қызық, өз-өзін сырт көзбен бейнелеп тұр
MSHERIMBEK
Біреудің жас кезіне ұқсайтын сияқты ма, қалай өзі?:)
a63a1
аее сондай бірдемесі бар ) Ысмайлдар жоқ болғасынба, іштен өртеніп жатырм
vkm
Жігіт айтпаса,қыздар мүлде айтпайды ғой)))
MSHERIMBEK
Ойымды оқисың ше:)))
vkm
біздікі сол-күүүүүтіп жүріп, уақыт өткізген:)))
MSHERIMBEK
Біреуге қатысы бар ма:))
vkm
жалпы дегенім ғой))))
dimash
қазір сөз айтуға қысылмайтын қыздар да бар ғой, жақында ғана өз өмірімде болды))…

Керемет, жаттап алуға тұрарлық!
vkm
қазір сөз айтуға қысылмайтын қыздар да бар ғой, жақында ғана өз өмірімде болды))…
бақытты екенсің.Соншама ашылуға тұрарлық жігіт болдың ғой)))
dimash
че то кекетіп айтылып тұрғандай көрінді маған, или тек маған солай көрінді ме… иә, керемет жігітпін, барлығынан ерекшемін ғой, аса мейірімді Аллам солай жаратқан мені, мақтанып та айта аламын.
vkm
че то кекетіп айтылып тұрғандай көрінді маған
Ондай ойым болмаған еді.
calendula
Өзін өзі мақтаған — өліммен тең! (мақал)
ayeke
әп бәрекелді дөп айттың, үнсіз қалмасан болмас педі....?!
сөз айтатын қыздар бары бар ғой бірақ өзіне айтқанын айтпай ақ қой ол жағдаят бәрінде болады
calendula
Ол жағдаятты емес, басқаны айтқым келген. өзін керемет жігітпін, Аллам солай жатарқан деуі артықшылық.
ayeke
менде сізге қосылып отырмын ғой :)
ayeke
қалмаса ғой н қосылып кетіпті :(
MSHERIMBEK
Ол қалай болды? Өзінен өзі келіп айта салды ма? Әлде сен жағынан қадам болмаған соң ба?;))
dimash
бұрын жүрген қызым ғой… өзі тастап кетті де менен артығын іздеп таба алмадым деп қайтадан келді, нагло айтып сөз салды, өкініштісі, қанша жерден келіскім келіп, ұмтылсам да бәрібір соңында жауабым «жоқ» болды. Әлі де тым жеңі мінезді…
Jako
Дұрын не жеңіл мінезін байқамағансың ба?
vkm
соны айтамын. Кезінде ғашық болған қызы туралы осылай айтады ма екен?
Jako
Димаштың барлық жігіттерден артықпын, ерекшемін дегені де біртүрлі…
beko
Жаңа деңгейге өткесін, сол уақыттағы жеңіл мінезді болған кезді ұмытып кететін жері бар кейбір жігіттердің. Иә! Бәрі өзінің уақытымен… Бірақ ол қызың да өзгеріп, сен жеткен деңгейге олда жететінін ұмытпағаның дұрыс ау сірә… Егерде мен ойлаған қыз болса әрине…
Бұл әрине Беконың жеке ойы.(қателесуім мүмкін дегендей,(ойланып төмен қарадым.))
vkm
Меніңше де, кеше бір керемет көрінген нәрсе туралы бүгін мүлде басқа ойда боласың. Бірақ… бәрібір кешегі күнді де жақсылықпен еске алу керек сияқты
dimash
сіздер білмейсіздер ғой, оның маған не істегенің… бір үйдің жалғыз қызына жолаудың мүлдем қажеті жоқ екенің түсіндім… көп балалы үйден шықса, адамгершілігі болады қайта…
beko
Шынымен де, біз мына жақтан білмейміз… Бірақ жалғыз қызы туралы есте болсын онда :-|, :-)
Guka
Бір үйдің жалғыз қызына барғанда түк те болмайды деп ойлаймын, барлығы дерлік ондай емес. Бәрі тәрбиеге байланысты.
dimash
ғашық адамның көзі көрмей қалады дейді ғой, менде де солай болды ау шамасы, айрылысқаннан кейін байқай бастап едім… енді оны ұмытамын…

(сонымен солай дейік, солай болатынына сенейік)
ardak1996
Оны жібердіңіз кезінде сізді сүйеді екен қайтып келді, неге қабыл алмадыңыз…
Togzhan
Бар болса, бар шығар, бірақ өлең кейіпкері туралы қыз мүлдем білмейді. Шамасы ғашық жігіт ақынға келіп мұң шаққан шығар, соны ақын лезде өлеңге айналдырған.
Ia ozinde jigit kiziksin..........))))))))
beko
Ия кызын да сенин қызық екен..)))
aikedoku
Ұйқасы жоқтың қасы өлеңінде,
Салмағы бар екен көлемінде.
Мұзафар деген кім екен?
Менімен айтысады мекен?))
Дуэльге шықсында менімен,
Шықсында бірге сенімен.
Қадаймын бәрін бірге,
Тығып жердегі көрге.
Айкеро бәрін жыртқан,
Алдындағы бәрін құртқан.
Шын атым менің Абай,
Шығарамын өлеңді қалай?)
Әрине қалжың ғой бәрі,
Мұзафардың жасы кәрі.
Қалжыңымды менің көтерер,
Бірге жазсақ әнде көгерер)
Jako
Қарағым Абай-ай,«Мұзафар дегенің кім?»-деуің атыңа ұят болды-ау. Не дейміз:
«Абайлар көбейді-ау сөйлейтін абайламай,
Ұят-ау деп жан жағына қарайламай»-дейміз да,қайтеміз.
a63a1
Таң қаламын да қоя салам.
aikedoku
Әдебиеттен бағам төмен болғандықтан білмейтін болармын Мұзафар деген кісіні. Бірақ менің өлеңім кем түспеді ғой, менің жазған әзіл өлеңіме күле қараудың орнына хейтер болып не көрінді, Жако аға?)
Jako
Түсінсін дегенім Абай, болмаса өзіңді силайтынымды білесің ғой.! хейтер" деген не?
aikedoku
Хейтерлер белгілі бір орындаушының шығармашылығын қайда болса да, қандай болса да жақтырмаушылар ғой. Мүмкін менікі де дұрыс болмаған шығар әзіл қылып айтсам да, бірақ сонда да қазақ емеспіз ба қайда жүрсек те қалжыңдап жүретін)
vkm
Түк етпейді. Осындайда білмегеніңді оқып, біліп ал, артық етпейді)
Jako
Абай, ойланба, Базар жоқ.
calendula
Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі. Мұзафар Әлімбаевты білмей тұрып, өлең шығарған неңді алған?!
aikedoku
Аңдамай сөйлегенім үшін мені өлтіретін адам сияқтанып сөйлеген қызға жараспай тұрғаны) Жазған өлеңім ұнамаса өзің шығар маған жауап қылып өлеңді. Егер тек қолыңнан келсе ғана))
calendula
Мен сөйлерде өзіме жарасады ма, немесе жараспайды ма деп сөйлемеймін! Мен нені айтқым келеді, нені дұрыс деп танимын соны айтамын! Ал, өлең жайын айтсақ, мен саған өлең шығарма деген жоқпын, тек алдымен қазақтың ақын, жазушыларымен танысып ал дегенді меңзедім. өлең шығарамын деп мақтана бергенді қойған дұрыс. Өзін-өзі мақтаған — өліммен тең. Сондықтан, әр нәрсе өз ретімен дегенді ұмытпағайсың!
aikedoku
Қарындас (или тәтешка), мен мақтансам ешкімге зиянымды тигізбеймін. Өлең шығаруым үшін де басқа ақындарды тану маған міндет емес. Басқа ақындарды танымайды екем деп өлең шығармаум керек па сенің түсінігің бойынша?)) Аййй қатырасың негізі)) Қоя бер, жарайды сен қызсың ғой кешірші сенікі дұрыс дей салайын. Егер қаласаң өзімнің осы пікірлерімді өшіртейін
calendula
Кейде ақылдылық қана емес, үнсіздік те алтын…
madlen
Мұндай тормоздар туралы өлеңдер көп негізі. Типа «ведь ты теперь чужая невестаааааа» деген сияқты. Аспанға қарап ай санап жүрді ме екен деп ойлайсың еріксіз ))))
a63a1
муахахахахаха)))))))
Meirzhan
Біле бергенге бұл месседж :)
Aspan
Арсыздық — екінші бақыт? (наглость — второе счастье)
Aspan
Мадленнің астына жазылуы керек еді негізі
Meirzhan
Мадлен батылдық туралы айтты
Aspan
Батылдықты айтқанын түсіндім. Мен ана мақалды қазақша айтқым келген
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.