Ғашықпын бір өзіңе

Қалайша жаным сенсіз жай таба алам,
Шын сүйем деп өзіңе айта да алам.
Кездестірген құдайға мың рахмет,
Деген сөзді сан рет қайталағам.
Сүрінсем тіреу болар тірегімсің,
Шыңы өзің боласын тілегімнің.
Ашылмаған ешкімге ешуақытта,
Патшасысын жалынды жүрегімнің.
Патшам қылып жүрекке қоя аламын,
Шуақ шашқан бейнеңе бояламын,
Бір өзіңді еске алып ұйықтамында,
Өзің жайлы түс көріп оянамын.
Сен өзгесін қарақат көзіңменен,
Сен өзгесін бал тамған сөзіңменен,
Тілім менен сезімім еркіне еніп
Бақыт кешем түсімде өзіңменен,
Сағынғанда көз жасым жия алмаймын,
Көргім келіп өзіңді қиялдаймын.
Көрмесемде, сен жайлы білмесемде,
саған деген сезімімді тыя алмаймын.
Кей кезде сезімге еріп шаттанамын,
Ерекше түрленемін, баптанамын.
Ал сен жайлы жаңалық естігенде
Бақыт атты әлемге аттанамын.
Пәк жүрекке сен ғана дара мүсін
Осы жайлы сен еске аламысың.
Ғашық қылып өзіңе күнен күнге
Армандайын қол бұлғап барамысың…

Автор мен емес... белгісіз…

10 пікір

kunshuak
Ол қоңырау шалмаса, сөйлескісі келмегені. Есіңде болсын, жігіттер қызға ғашық боп жүргенде ешқашан жоғалмайды. Қыз оны қызықтырса, ол қайта-қайта хабарласып, есігінің алдынан шықпай, кездейсоқ кездесулерді ұйымдастырып жүреді. Жігіт сүйсе қандай ауыр сөз немесе іс-әрекет болмасын көтереді, қасыңнан шықпайды.Егер де сен ақымақтыққа салынып қайда жоғалып кеттің деген сұрақтарыңа оның өтірік жауап бергенін қолым тимеді, жұмыс көп дегенін қаламасаң, сұрамағаның жақсы. Шындықты естіп, жүрегіңді ауыртқың келмесе, оның қайда жоғалғанын сұрама.Барібір анығында, жауабын өзің білесің…
kunshuak
Бұл ып-рас!!!
Ayala
кешірім өтнем қателесіп кетіппін
Moldir_96
Маған өлең жолдары ұнады) Шын көңілден жазылған сияқты)
Ayala
рахмет... менде солай ойлаймын…
qyrmyzy
жіләдім. Авторға ырысбек!
Ayala
рахмет,,, жыламашы
qyrmyzy
жылағым кеп жүр, рұқсат етші
Ayala
жылап алағой... жеңілдеп қаласын...
eerkinuly
керемет жазылған жыр маған ұнады,ғашықтық не істетпейді
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.