Жұбатшы кеп...

Жұбатшы
Сөзі: Құралай Омар
Әні: Индира Елубаева




Келеріне сенсем де көктемімнің,
Бүгін жүрек жабырқау, көктеді мұң.
Күтер жанның өзіңді бар екенін
Жүргеніңе ұмытып өкпелімін.

Хабарсызсың, келмеді хаттарың да,
Тәтті түстер алдайды ақ таңымда.
Саған деген сырымды айға ақтарып,
Келдім тағы сені іздеп баққа мына.


Қайырмасы:
Жұбатшы кеп.
Күткенім осы дейін.
Күн сәулесін көзіме көшірейін.
Жалт-жұлт еткен бақытты уыстап ап,
Мұңның бұлтын жүректен өшірейін,
Жұбатшы кеп, бәрін де кешірейін.


Саған барар жоғынан амалымның
Гүл жүзіме күп-күрең жамалды мұң.
Сағындым ғой, жаным-ау, ерініңмен
Жасын сүртіп берсеңші жанарымның.

Қайырмасы:



Дереккөз: мынау
Картинканың авторын білмеймін, кезінде ұнатып, бір жерден жүктеп алғам, есіме түспей тұрғаны…

18 пікір

VVVWWW
Сазы, өлең сөздері өте тамаша екен, мұндай мағыналы сөзі бар өлеңді қазір сирек кездестіресің. Рахмет, қайта қайта тыңдап риза болып қалдым (бұл жерден жүктеле ме екен) Ә, ия таптым қалай жүктеу керек екенін,
Бүгін жүрек жабырқау, көктеді мұң.
бірақ мынау қызық тіркес екен, негізі «көгерді», «көктеді» деп бір болашағы бар, қуаныш күттіретін нәрсеге айтушы еді, мына жерде қызық қолданған екен
Тағы да рахмет

Айтпақшы: Картинаң Моне нің суреттеріне қатты ұқсайды екен (әйтеуір бір экспрессонист болса керек)
qyrmyzy
көктеді мұң
мұнда мұң пайда болды деген мағынада айтқысы келген шығар, сосын сол мұңы ұлғая береді, бүршік жарады, жеміс, үзіп алады… сол кезде адамның үміті де үзіледі деп кеткен бе...Өз басым, солай түсіндім:) рахмет!

Суреттің астында авторы тұр, көзім жасаурап, бұлдырап, оқи алмадым. Экспрессионист екеніне күмәнім жоқ!
VVVWWW
Ия әрине соны айтқан,
сосын «Саған деген сырымды айға ақтарып» тамаша жолдар, бір түрлі таңға дейін айға қарааап, ойланыып отырған қыз елестеп кетеді

Сосын Леонид Афремов деген суретші екен
alikona
Мұңды әндер адамды махаббатқа келгенде әлсіз қылдырады.....Ән маған ұнады!
Bagashar
жақсы ақынды әнге сөз жазу құртады. Құралай жақсы келе жатқан жас ақын ғой. Ән үшін арзан тіркесті, өзідері ғана түсінетін сөз жазып құриды ғой. Махаббат туралы жазғыларыңыз келсе, Мұхтар шаханов, Төлеген, Мұқағали, Жарасқан, Жұматай деген ақындарды қараңыздар. Рахмет, Қырмызы!
Korkem
Хабарсызсың, келмеді хаттарың да,
Тәтті түстер алдайды ақ таңымда.
Саған деген сырымды айға ақтарып,
Келдім тағы сені іздеп баққа мына.
mairosh
керемет өлең екен шынымен. Жұбат енді мені (((((((((((
qyrmyzy
жіләмәші, Майрош! Сені жылату үшін салмадым ғой;(
AKA
Ілмектегі «күткенім» дегенді басқаша оқып қалдым ғой. :)
qyrmyzy
хехе, жазайын дедім де… ялдым:)
Uleke
жынды екен!)
Uleke
қайдан жүктеуге болады, ссылкасын жіберіңіздерші, қиын болмаса
m170785
жақсы екен
Ayala
Өлең маған сөз жоооқ ұнады, ғажап +1 менен қайта қайта тындаватрмын, жііләәпп
Сағындым ғой, жаным-ау, ерініңмен
 Жасын сүртіп берсеңші жанарымның.
qyrmyzy
иии сенің жылайтыныңды білгенімде салмайтын ем ғүә! Жіләмә, джынды ма?
naimankyzi
Әуенимен сурет оте керемет уйлесим тапқан екен! Ән тындап сагыныштын сырлы іздери жасырынган кузги әлемге енип кетеди екенсин…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.