Тақырыпсыз өлең

Күнді өпкен аспанның,
Бұлтын барып сүйгенмін.
Жарқылдаған жасынның
Отыменен біргемін.

Сағыныштар — ғасырлар,
Шақырымдар қанша мың.
Мен де өзімше есерсоқ
Һәм қаһарлы патшамын.

Әміріме құлдық ұр,
Ей, адамдар, мыңдаған.
Мен емеспін сендерге
Патшалығын бұлдаған.

Қара болып сендердің
Қастарыңа түнегем.
Босағамда сығалап
Маған қарап тұр өлең.

Неге жазам, сені өлең,
Кім оқиды өзіңді?
Еске салып тұрасың
Менің ақын кезімді.

Жаралғанын не үшін
Ұмыт қылды бұл ғалам.
Қайран менің өлеңім —
Сағыныштар сыздаған.

Сені сүйдім, өлеңім,
Ғұмырымның бас деп.
Әміріңді жырлауға
Алла өзің нәсіп ет.
ӘМИН!

6 пікір

qyrmyzy
Неге жазам, сені өлең,
Кім оқиды өзіңді?
біз оқимыз
Manas
Міне, паэзия!!! Керемет өлең!
banzaika1990
тамаша жазылған, қарапайым, қысқа әрі нұсқа, оқуға жеңіл әрі мағынасы мол
mairosh
Неге жазам, сені өлең,
 Кім оқиды өзіңді?
 Еске салып тұрасың 
 Менің ақын  кезімді.
епті мен оқып жүрмін ғой)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.