Маған арналған жыр жолдары

Бір баланың маған арнап жазған өлендерін өздеріңізбен бөліспек едім, аз да болса менің жүрегімде ерекше орынға ие өлең шумақтары:

1. Таныстым Жаны Сая деген аруменен,
Жүрмін ғой сағыныш сезім зәруменен.
Жаулауға рұқсат етші жүрегіңді,
Қасиетті ақ парақ, қалам деген қаруменен.

2. Жан сырымды ақтарайын өзіңе,
Жалған айтпай тура қарап көзіңе.
Сенім артқайсың жүрегіме жай ғана,
Мен жүрейін көркіңе тамсана.

3. Әй, шөлдеп қалған екен-ау бұл Періште,
Шындықпен атырайын таңыңды, ие болу үшін сенімге.
Аққу қанатын қаққандай жыр дастанмен,
Жаныңа ұшып барайын, Оу, Періште.

4. Жаның сая болсын маған деген,
Арым таза болсын саған деген.

Ақын жігіт жүрегін ұсынады иіліп мәрттікпен,
Қабыл алшы судан таза пәктікпен.

5. Күндерім менің, жүрегіме қуаныш сыйлаған,
Сағаттарым менің, әр сәтте қоштасуға қимаған.
Минуттарым менің, жатсам, тұрсам ойлайтын өзіңді,
Секунд сайын жаздырып жыр маған.

3 пікір

ardak1996
Қасиетті ақ парақ, қалам деген қаруменен жақсы өлең жазатын жігіттерің бар екен.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.