Уәде берші....

Уәде берші кешірмеуге,
Алдануға мұрсат бер.
Рұқсат берші өшірмеуге,
Сондай тәтті сол сәттер.

Жыламауға уәде берші,
Күлмеуге де уәде бер.
Жүрегімді, әне көрші,
Жылап жатыр сәулелер.

Үндемеуге уәде берші,
Үнсіздікте мұң жүрсін.
Түн демеуге уәде берші,
Жүрегіңде күн күлсін.

Уәде — деген Тәңір сөзі,
Біздің сезім Тәңірден.
Айырады, өмір-өзен,
Өлім әлсіз өмірден.

Қос тамшыны көзден көрші,
Кірпік жолын бөгейді.
Ұмытпауға сөзің берші,
Ұмыт болғым келмейді…

(авторының кім екенін білмедім, күнделігіме бір кездері тізіп алған екем. Қайдан алғанымды да білмейм))))) деееп қойсамсам)

4 пікір

Moldir_96
Сөздері керемет екен! Өмірде уәдесінде тұрмайтын адамдар кездесіп жатады, өкінішке орай((
vkm
Ұмытпауға сөзің берші,
Ұмыт болғым келмейді…
иәәә… уәде десе))
didi0393
uadesinde turmaityndar kooooooooopkoi(
qyrmyzy
Біздің сезім Тәңірден.
жоқ жерден жолықтырады. Құдіреті ғой
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.