Сүйші мені.

Білем, сен тек сүю үшін туғансың,
Сүйші, менің ақша жүзім қызарсын.
Сүйші, қара бұрымымнан мәңгі боп
Екеуміздің ғұмырымыз ұзарсын.

Сүйші, сәулем, сен сүюге құмарсың,
Көңілімді көктем жаққа бұрарсың.
Сүйші, сенің ерініңнің шырыны
Ерінімде жылдар бойы тұрар шын.

Сүйші, менің мейірленсін көңілім,
Көмейімнен өтейінші төгіп үн.
Көз жасыммен ағып кетсін баяғы,
Сен сүймеген, мен күймеген өмірім.

Сүйші, менің жүрегімде от жансын,
Сүйші, менің суық көзім шоқтансын.
Сүйші, еркем, сүйе бер тек сүйе бер,
Әйтеуір, бір жалыққанда тоқтарсың…

Жұлдыз Бейсекова

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.