менің ең жақсы көретін өлеңім

ТАБЫТ YHI

Meн сені сүйгем
Жаныммен сүйгем, Жарық Күн!
Жатсам да сүйем тұңғиығында тамұқтың.
Ақ сәулең сенің аймалап мені,
Жарық Күн,
Тұрған да болар үстінде мынау табыттың.

Ғарыштан құйған ғаламға ортақ шуағың,
Сезгемін, білгем,
Мен үшін бір күн тынарын.
Тастама мені,
Тастама мені, Шырағым!
Шуағың түссін,
Шөп болып, мейлі, шығамын.

Қомағай көңіл құмартып өткен әр неге.
Тірлікте сонау түскемін талай әуреге.
Кешкен өмір де,
Көрген бақыт та, барлығы,
Жетпейді екен ғой,
Бір күндік сенің сәулеңе.

Бір күндік сәуле…
Бір күндік жарық мекенім!
Мәңгілік түнек — қапасқа қалай кетемін.
Келмейді-ау тілім…
Өлгеннен сұра дер едім,
Тірі жандарға,
Өмір дегеннің не екенін.

Өмір дегенге,
Тірлікте, сірә, жетер ме ой.
Жарық сәуледен басқаның бәрі бекер ғой.
Бекер ғой бәрі,
Бекер ғой бәрі — бөтен ғой,
Өмір дегенің — бір күндік Сәуле екен ғой!..

Тамшыдай ғана, нұрына міне, зарықтым.
Өмір осы екен, сырына міне, қанықтым.
Жаса сен Мәңгі!
Жаса сен Мәңгі!
Жарық Күн!

… Табытпын, табытпын, табытпын…

Мұқағали Мақатаев

15 пікір

AL-ASTER
В тему кетсін:

Адамзат сезімі…

Жүрекке әмір жүрмейді

Сұраулы жүзбен қарайсың маған.
Жақындасам жалтардың.
Көңілім, неге болды екен алаң,
Жаныңа батты-ау,
шаңшар мұң…
Айтқызбай-ақ,
сездің бе, әлде,
іштегі сырын сезімнің.
Жүргенім де меңіреу халде,
Жетегінде төзімнің.
Мұз еді жүрек көргеннен сені,
Шуағың тиіп еріп еді…
Қайтейін бірақ,
Мен емес теңің.
Ойласам қайғы төгіледі.
Аңсаған күнім алыста тегі,
Білемін, қайта келмейді.
Түсінсең жаным кешірші мені,
Жүрекке әмір жүрмейді

(Жаңғырық Бестәңірі)
AL-ASTER
Келе берем

Бардым. Тостым.
Сен жоқсың,
сезіндің бе?
Сезіндің бе, шегі бар төзімнің де.
Білесің бе?
Мен сені шын сүйемін,
Келе бергім келеді кезігуге.
Тосып тұрмын,
Уақыт өтіп барады.
Бір көруге өзіңді кетіп тағат.
Ойыңа да келмеді-ау,
бәлкім сенің,
Мен келер деп кешігіп,
тосып қалады.
Айыға алмай түйіткіл жебелерден.
Қайтып барам,
Күдікті ой себелеумен.
Болма мейілі,
Болмағың мен келгенде,
Келе берем,
бәрі-бір келе берем.

(Жаңғырық Бестәңірі)
qyrmyzy
әй, кімге ғачэқсің?
AL-ASTER
Естеліктерррррррр, афффтыры мен емес.
qyrmyzy
ақталмашиш
mairosh
Байқайсын ба қырмызы осы АлАстер сонғы кезде махаббат жайлы өленің көп тындайт. Әй осы бір гәп бар
AL-ASTER
Айтады ғой, махаббаттың дәмін шын татып көрмеген адам, махаббат туралы көп сөйлейді деееп
mairosh
Міне міне жәймендеп мойындаватр. Дұрыс айттын
qyrmyzy
сол ғой, байқадым
mairosh
біліп алу керек по тихонку
qyrmyzy
хехе, іске кіріс
pana
ең жақсы көргенім емес, ұйқасына ғашықпын))

Радость прет.
Не для вас
уделить ли нам?!
Жизнь прекрасна
и
удивительна.
Лет до ста
расти
нам
без старости.
Год от года
расти
нашей бодрости.
Славьте,
молот
и стих,
землю молодости. Маяковский
mairosh
орысша түсінбейміз деппа ық ық Айтаберлік сайтта орысша оқыған ыңғайсыыыыыззз но өлен норма
pana
тұтас бір ұрпақ осы өлеңдермен ер жетті,
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.