Жүрегі жарты, мұңлы жан (ақ өлең)

Адамның бәрінен
Күдерін үзбестен жылылық сұрайды
Зауқы жоқ жан рахат алуға тірліктің нәрінен
Мақсаты — Адам боп қалуда
Ал, жалғыз қалғанда жылайды
Тынышы талақ, шулы жан…

Білінбей өтетін уақыттың асау бір лебімен
Сан жылдар өтсе де тапжылмай
Қарғысын айтар атына бейкүнә шабыттың
Жүрегі қан жылай.
Басар ма бұл байғұс әлемді кеңінен?!
Өмірі азап — жырлы жан…

Қай жерде адасты?
Қай жерде жаңылды өмірлік жолынан?!
Тұңғиық тереңге тұншығып барады
Адамға жалынды, дауысы қарылды…
Періште бар ма екен тартатын қолынан?
Әлде,
Оған да бейтаныс рақымдық аралы…
Жағдайы тым ауыр, жан аяр бір хәлде
Жылылық іздейді оңынан, солынан
Алыста қалған,
Жүрегі жарты, мұңлы жан…

33 пікір

MSHERIMBEK
Бүгін өзі Айтаберде поэзия күні болған сияқты ғой.
Ең алғашқы ақ өлеңім. Қатты сөкпеңіздер… Ееех…
kuka097
Охоо міне өлең керемет! Бас жүлде және +1)))
pari
онда оям бүгінгі күн яғни
«16 мамыр-Айтабердегі поэзия күні» аталып кетсін,қалай ойлайсыз?
MSHERIMBEK
Айтабердегі мерекелер деген мәзір бетін ашып, арнайы мерекелерді жазып қойсақ, сөйтіп, сол бойынша жақсы кететін еді:)
kuka097
охо жақсы ойй тастадыңыз!
MSHERIMBEK
Ертең талқылайық. Қандай мереке күндері керек екенін маған жеке хатпен жазсаңыздар!))) Ертең постта ұсынылса да болады:)
Turekhan
Ия, кейбіреулер үшін ұйқассын-ұйқаспасын поэзияның күні бүгін сияқты ғой))
MSHERIMBEK
Егер сөз маған қаратылған болса, мұны ақ өлең дейді. Өз ритмін тауып оқысаңыз ұйқасады негізі:)
Turekhan
Оның не, Сәке) Сенің алдыңда небір ақиық ақындар шығып жатты ғой.
MSHERIMBEK
ох, кешір, дұрыс түсінбей қалдым, шамасы:) пікірді жазып қойғаннан соң ғана ұқтым:)
kuka097
Не болса да бүгінгі күнАйтабер сайтының ақындары күні!!!!
bravo
Саке өлең найзағай!!! Және ең әсерлі жері ол, соңында бар өлеңнің көркін ашып, мән — мағына беріп тұрған үш нүкте:)… Қандай асқан шеберлік керек дейм да анау сұмдық нүктелерді қою үшін:) Өленің үшін сені +тап кетейін. Ай маладеш!
MSHERIMBEK
Сені сағындым ғо, братан)))
Bagashar
жақсы екен…
qyrmyzy
Алыста қалған,
Жүрегі жарты, мұңлы жан
…… Керемет!
Korkem
мммм мұңлы…
mairosh
керемт мына өлен)))) Адамды ойландырады
pana
жалғыз қалғанда жылайды
Тынышы талақ, шулы жан…


Жылылық іздейді оңынан, солынан
мұнша әдемі жеткізермісің…
pari
Мұхтар Шахановтың өлеңдерінің ұйқасына ұқсайды екен:)
MSHERIMBEK
Ақ өлең деген осы. Ритміне түсу өте қиын) Ал, түсетіндер, шынымен өзіне жараса шеберлер болады)
MSHERIMBEK
Адам қызық ше, бүгін көңіл-күй мүлдем басқа:)
AKA
Мынадан кейін екі сөзді құрап, «ақын қыласыңдар ғой енді өйстіп» дейтіндер, ұялғанынан өз еркімен поэзияға қол бұлғар…
Korkem
еееее түбіме шам алып түстім дешиш оданда
AKA
Шамы несі тағы, қалта фонарьын алып жүрмін.
MSHERIMBEK
ойбай-аааааай:))) Көркем, алғаш рет АКА туралы скайпта (или агентте) маған айтқаның есіме түсіп кетті:)))
AKA
Ох, Көркем, ох, сені ма…
Korkem
муахахах не айтып ем? барып ақтарайын ба әлде архивті?)))
AKA
Тез өзің айт, болмаса…
Korkem
үии шыным осы енД, білмеймін Садооок айтып қолймаш))) маған жекеге айт
AKA
Кеш, тым кеш енді… Осымен арамыз…
qyrmyzy
мяяя, қалай шыдап жүрсіңи?
MSHERIMBEK
Бүгін тағы осы күй:(((
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.