Айтылмаған түйін сөз.....

Саған, саған талай күндер, талай жылдар асыққам, көз жасымды жасырғанмын жансыз аппақ жастықтан, өзге түгіл, соған дағы білдірмегем мұңымды жүрегімді жаралаған, көңілімді тасытқан. Күттім қанша қара түнде жұлдыз санап, жаңылып! Сағыныштың сары мамық орамалын жамылып, мөлдіреген жанарымнан тамшыларды төксем де, көрмеген ем, білмеген ем сағынғаннан қамығып. Үміт деген үлпілдеген кіп-кішкене шымшықтай, дір-дір етіп, жатты ол да, ләм деместен, үн шықпай.Арман болды қолқанатым, тәтті қиял — тірегім. Білмедім ғой қаларыңды сезімімді дым ұқпай. Ал сол шақтар бағым еді, беймезгілде бұйырған, нұрым болды төбе көктен толастамай құйылған. Білсем сонда бал күндерге шолақ ғұмыр бергенін, аттап өтер едім бәлкім қырық үйлі тыйымнан. Қазір бәрі бұлдыр түстей, жанаспайды өңіммен. Басқа біреу табылады көңіл деген төрімнен. Ал сен болсаң сол баяғы сарқылмайтын сағыныш, ал сен болсаң сағым ғана бір мезетке көрінген…

9 пікір

Doctor
Жълядым:(
Aizhan
jylama! Ajim tez wygady! :)
Aspan
жылаудың да жеңілдік әкелетіні бар кейде
Aspan
Әңгімелерің жер бетін сары жапырақ басқан күздің жаңбырлы күндерін еске түсіреді екен.
Togzhan
Әдемі өлең… рахмет)
Sabions
әр жолды асты-астына жазса жақсы болар еді, мен әуелі қара сөзді мәтін болар деп, 2-3 үтірлі сөйлеміне көз жүгірткен едім,… былайынша жаман емес… Шедеврің шедеврге ұлассын, жазған әнің қыр ассын.
Бұл өлең жүректі жылата ма қайтер,
Айжан, базар жоқ, осындай өлең Айта бер…
… Жаза бер…

P.S менің өлең шығаратын "әдетім" жоқ, но ұйқасқа мән бермессіңдер
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.