Манас пен Паридің жекпе-жегі

Сәлем Айтаберліктер:)
Бүгін айтыс алаңында Манас пен Паридің жекпе-жегі болғалы жатыр:)
Айтыс тақырыбы:
Виртуал әлеммен шынайы өмірді салыстыру
Ақындарға шабыт беріп,қостап отырыңыздар)

Ассалаумағалейкум халқым менің
Амандасу ата-дәстүр салтым менің
Айтаберге басымды иіп сәлем бердім
Айтысуға керек маған сенің демің

Манасжан амансың ба, барсың ба?
Әлде маған қарсы келер жарсың ба?
Виртуал мен шынайы өмірді салыстырып
Айтысуға, тартысуға барсың ба?


Манас… айта бер...

38 пікір

Ais_97
Шап алға айтысыңдар, алға бастаңдар!
Manas
Ау, Сағыныш, Сағыныш
Тақырыпты бастап сен
Тек шындықты айтып сен
Қане ортаға жарып ұш
тәтті жыр мен ұшқыр ой
Соларды бірге алып ұш
еріксіз, еркін айтабер
Шабыт саған бағыныш
Ал, саған сөзді берейін
Мен шай ішіп келейін
pari
Неткен, нектен ұтқыр сөз,
Мынаны оқып талады көз
Шәйіңді ішіп кел асықпай
Мен шалқиын, тасып-ай

Виртуалда жүр екенсің
шын өмірде кім екенсің?
Адамсың ба?құссың ба?
Таумысың әлде құзсың ба???(сұрағыма жауабыңды күтемін)
AKA
Неге бірден шәйларыңды ішіп, дайындалып келмейсіңдер?! Қәне айтыс, күтіп отырайық енді, айтылған уақытта болмай ме екен?
pari
оба шағымдар түсіп жатыр,сол шәй құйып отыратын қыз керек болып тұрғаны?)
Korkem
Болды ма? Айтыс бітті ме? Қайтарыңдаааар билеттің құнын!!!
pari
уиии Манастың срочно шаруасы шыығп қалыпты, ато мен дайнмын! ойбай билеттің ақшасы, кіретін тесік таба алмай тұрмын, ұялғаннан
qyrmyzy
Билет алмағаным қандай жақсы болды деш
banzaika1990
мынандай керемет айтысты тамашалау үшін Пари мен Манасқа біз ақы төлеуіміз керек сияқты))))))))))) бастамасы тамаша
qyrmyzy
Манас, ал, жауабыңды күтіп отырмыз
AKA
Сонымен, осы жерде жалғастырайық ал. :))) Жиналды ма айтыскерлер, әлде күтеміз бе?
User
нептему айтыс)
m170785
оооойбуу, бітті ме?
Manas
Виртуалмен реалда таң атырғандар
Айтысты тамашалап отырғандар
кешкеніме кешірім сұрайын мен
Әсіресе, билет алып іші күйіп отырғандар

Сағыныш-ау қарайын сұрағыңды
Жауаппенен қандырайын құлағыңды
Шабыт тулағанда жоқ боп кеттім
Тауысып жібердім-ау шыдымыңды

Ол рас виртуалда белгісізбін
Адаммын ба ,құстым ба, мүмкін құзбым
ұйқас үшін теңестірдің жануарға
Білдім-ау қандайыңды енді сіздің
Manas
көрермендер билет алып отыра беріңдер,қәзір орын болмай қалар
pari
Білсеңіз жақсы болды мен туралы
Адам екеніңізге күмәнданам мен әлі
Виртуалды белгісізбін дейсіз маған
Адам емес болғаны ма сонда бәрі?

Жарайды қанағаттандым жауабыңа
Көнейін, айтқан сөздің қалауына
Жазу жазып,өлең шығарып отырған
Гүл бітсін мына сенің қаламыңа

Шын өмірде қашан біз жолығамыз
Жолығып, бірге қащан қаңғырамыз
Виртуалды осылайша жүре берсек
Арықтықтан, мастанып толығамыз?!
Bagashar
ҚҰрметті адуынды ақындар, сөз қолданысытна мән беріңіздер. Гүл қаламға бітпейді, қадамға бітеді.
pari
оу Бағашар, біз сіз сияқты сөз саптауы жақсы ақын емеспіз, сондықтан қателіктер болса кешірерсіз, осылай қуаа берейік біз)
Bagashar
мен де қуғанды жақсы көрем, Сағыныш. Сөз қадірін қашырып аламыз ба деп қорқам, Күшті болмаса да, қате қолданыс болмаса екен
Bagashar
айтысыңдар, оу жүйріктер
Manas
Рахмет азын-шұғын тілегіңе
Өзіңнің де куш берсін білегіңе
Гүл бітсін деп жатсын қаламыма
Тілегіңді сақтап жүрем жүрегіме

Жер деген шіркін дөңгелек
Әлі-ақ кездесетін кез-келет
Кездесіп бір қуамыз
Манас саған сөз беред
pari
Жүрекке сақтап тілегімді
Күшке толтырып қойдыңғой білегімді
Ал жақсы сағанда рахмет
Білдік қой өмірде тірі екеніңді

Жақсы айттың, дөңгелек жерді
Айтысамын деп ағыздың терді
Ал сау бол, айтыс аяқталды
Шын өмірде қуатынымызға Пари сөз берді!
Jako
Жанкүйерлер айқаймен дауыс тоздыруда,
Әркім ойы өз жүйрігін оздыруда.
Біздікі жүйріктерге қиқу қосу,
Демеу жасап шабытын қоздыруға.
pari
Сөз тастап, дем бересіз ақындарға
Сізбен тартысқа түсер ақын бар ма?
Біршама, бар екен шабыт сізде
Сізге ілесер мына менде қарқын бар ма?
Jako
Сағыныш, Айтаберде ең бірінші айтыс жариялаған мен емеспінба, мына жерде aitaber.kz/blog/dastyr/349.html
pari
Иәә сіз… О не?
mairosh
Ду қол шоколад шапалақ))) Айтыс керемет. Үй пари Манас жарайсындар))) Осы Манас қыз ба әлде Ер жігіт пе?)
pari
О май Гад!

әрине жігіт, ер, асыл ер, мужик, еркек
mairosh
Манасжан амансың ба, барсың ба?
 Әлде маған қарсы келер жарсың ба?
мына екі жеріне түсінбей қалдым да просто ық ық))) Манас ренжіп қалмасын но Пари «Манасжан»ның орнына «Манас-ау»деп өзгіртіп жіберсе сосын «жарсың ба» дегеннің орнына «жансың ба» деп өзгертсе қалай болад м?
pari
Майрошжан айтыс деген әзіл өлең
Айтыста айтылады әзіл кілең
Ондайға мән бермей-ақ жүре берші
Ато мен семен айтысуға жеңді түрем

Айтыс деген екі жақтың сөз таласы
Манаста қазағымның бір баласы
Айтыста айтылады, ондай сөздер
Бұл деген айтыстың тек алғаш басы
mairosh
ыхммм аузымды жауып тастадың ғой))) мя мынаны ешкім көрмесің.
pari
кідәй-кідәй бірінші смайликке сындым:)Нау енд ақын деген сондай болады)))
mairosh
Мен ақын емеспің ))) рахмет мені бағалап ақын дегеніне))
Manas
Оййййййй, ялып қалдымғо
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.