Қарашығым

Балапандай балаусам, бала шырын,
Қара көзді қарағым, қарашығым
Сәуегейлі сымбаттым, сұлуымсың,
Өмірдегі қымбатым, бар асылым.
Доланадай тәттім-ау дара шыным
Жапырақтай жүректі жанашырым,
Сен болмасан сел болып кетер ме еді
Кеудемдегі күмбездей қалашығым.
Шұғыламсың, шуағымсын шамшырағым
Қара түнек көңілге таң шығардын
Сәл мұнайсам сен бірге мұңға баттың
Көздерімнен тамшы болып тамшыладың.
Қадіріңді білмесем қателікпен,
Кешір мені, кешірші тал шынарым.

Авторы Болат Дәулетұлы

28 пікір

Ais_97
Майрош жақсы өлең екен!
Jako
Майрош, аптыры кім?
mairosh
Болат Дәулетұлы. жақын досым ғо)
olzhabek
аптыры астында жазлптур
Bagashar
жігітіің: Кеудемдегі күмбездей дегені қызық екен
mairosh
не болмай ма сонда? ))
Bagashar
кеудесіндегі күмбездей қалашық деп не айтып тұр сонда?
qyrmyzy
Жүрегін айтып тұрған шығар
Bagashar
қайдағы, күмбезбен жүректің байланысы жоқ қой
mairosh
ммммм)))) рахмет
mairosh
Мен сұрап көрейін
қайдағы, күмбезбен жүректің байланысы жоқ қой
мынау жайлы. Если что авторы түсіндіріп берсін)))
qyrmyzy
сөйтші, қарағым
qyrmyzy
блмим ғо енд, кеудеде жүрек бар, өкпе бар.
Bagashar
күмбездей ме?
qyrmyzy
жүрегі күмбездей бокеткен шығар)))
mairosh
туу қоймайды екенсің. менімше күмбез деп бұл жерде шағын қалашықты айтатын шығар
Bagashar
жоға, бізде сөзге мән бермей қате қолднау көп боп кетті ренжіме
mairosh
я білемін ғой. Бұл жерде күмбез деп
күмбез деп бұл жерде шағын қалашықты айтатын шығар
деп айтуы керек. Ол кісі агентке кірмей жатыр. Бірақ өленді бүге шегесіне дейін талқыласа ынғайсыз екен (((
mairosh
опшм Бағашар ол кісі былай түсіндіріп жіберді
Болат **Казак** (23:21) :

Кокирегиме жинаган билимнен кумбез тургызам дейди казак 
халкы.кеудемдеги кумбезди калашыгым дегеним-кеудемдеги журегим
 жане кан тамырларым.журекти аударып койсан неге уксайды? 
<###20###img039>
Bagashar
нанымсыз, Майрош.
mairosh
Поэзияға үлкен талап, үлкен сын керек деп бекер айтпаған ғой)). Жалпы Бағашар мен түсіндірдім. Әр адам әр қалай түсінеді. Ең бастысы айттым мен одан сұрадым, ол озінің ойын айтты. Пікір деген көп жазады ақындарға. Бірі мақтайды, бірінің көңіліне ұнамайды. Білмейм неге сен осы өленіме қадалып қалғаныңды. (
Bagashar
жоқ, реніжіме. басқаларға да қадалам ғой. сөз қадірін түсінсің деп ойлайм. сосын айтам. түсінбегенге айтып нем бар
Jako
Кеудемдегі күмбездей қалашығым.
Менімше ақын бұл жерде теңеу алған,«кішкене бір күмбездей ғана болсаңда, сен менің көңілімде әсем де, жаныма жайлы қалашықсың»-дегісі келген болар.«Көңілімдегі күмбездей ғана қалашығым»-дегенде бәрі өзгеріп, ой анықтала түсер ме еді?
Негізі мен Бағашардың «Сөз құнын түсірмейік»- дегеніне қосыламын.
Jako
Қара түнек көңілге таң шығардын
Ақын ренжімесін бұл тіркес те әлсіздеу, осының орнына
"Қара түнек көңлімде таң атырдың"-десе ұғынықтырақ болар ма еді деймін.
qyrmyzy
Ілмектерің ӨРТ!
akil_kalta01
Керемет ұйқастағы өлең екен. Жігіттің сүйгеніне арнауы ма? Қыздарға осындай өлең оқып берсең ай қызыңды бір бақытқа бөлейсің ау-әәә! :)) осында өліңдерді салып тұрсаңшы қызыма өзім шығарғандай оқып берейін. :)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.