Ауыл кеші

Ауыл кеші керемет,
Әсемдікке бой бұрар.
Жайлауға қарап елеңдеп,
Қой күтеді балалар.
Шұбырған қой да жетеді
Ешкі-лақта секіріп.
Қойшылар іздеп қойларын,
Қарайды ғой тесіліп.
Бәрі кетер шуласып,
Жылқылар келер үйірмен.
Құлындар жүрер туласып,
Шығынып кетер үйірден.
Осылай бәрі бітеді,
Ауылды басар тыныштық.
Бәрі ұйқыға кетеді,
Бітіріп бәрін жұмыстың!!!

Авторы: Кука

9 пікір

kuka097
Жаңа ауылдан алған әсер мен шағын көрініс!
pari
О, жарайсың Кука! Дәлл біздің ауылдың кеші сияқты:) +1 жақсы жазыпсың!
kuka097
Рахмет көп-көп)!
pari
оқасы жооқ)))
banzaika1990
Кука сенің жазбаларыңнан кейін оқуды, дипломды бәрін тастап таң атысымен алды-артыма қарамай ауылға тартқым келіп кетті ғооооооооой. Өлеңін жақсы әсер қалдырды)))))
kuka097
Эхх рахмет!)))
m170785
ауылымды сағындым ғой
pari
Мына өлеңің қалалық болып кеткен немесе қалада оқып жүрген жастардың ауылдарын бір еске алып, ауылдағы қызықты кездерді ойлауға түрткі болған сияқты:)
kuka097
иә солайау шамасы)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.