Іздеушіңмін

Мен сені іздеймін, арайланып таң атқанда,
Ұйқысыз аунап, көз іліндіре алмай жатқанда.
Мен сені іздеймін шаңқай түс, күн аспанда тұрғанда,
Қып-қызыл боп көжиектен күн ұясына батқанда.

Мен сені іздеймін, адамдардың арасынан да,
Өмірдің мына шуылы бітпес қаласынан да, даласынан да.
Мен сені іздеймін, кім екеніңді бірақ білмеймін,
Қорықпаймын күлкіден, дұшпанның салар табасынан да.

Мен сені іздеймін, бәрібір сені табамын,
Сиясыбітіп, мүжілсе де ұшы қаламның.
Мен сені іздеймін, таба алмасам егер мен,
Мәңгілік сенің іздеушің болып қаламын................JAKO

41 пікір

MSHERIMBEK
Іздеудің өзі бір ғанибет:) Тапқанша іздей беріңіз:)
vkm
Әдемі өлең екен)Табарсыз:)))
Jako
Ой, балалық кездің шатпағы ғой.
Yasin
ееееее Жако іздегенің алдыңнан іздемей-ақ табылар
a63a1
Іздейміз, түбінде таптырмайтынын біле тұрып
MSHERIMBEK
Пах, шіркін! Неткен пессимизм:)))))
a63a1
күліп отырып жазамын не жазсамда) Түбінде өлетін болғандықтан © дептіғой
Jako
ха-ха-ха…
a63a1
бұл күлкіде бір күрсініс байқалад, қалай деймісіз? ах-ах-ахххххххх
Jako
Жоқ, турасы сағыныш шығар.
a63a1
Сағыныштың түбінде құлазу жатыр, аталуы әр түрлі болғанмен сезімдері ұқсас екен
a63a1
тфу лібә қуып кетем кейде осылай)))
Jako
Кетш, бұд іздеп жүргендегі өлең ғоо.қазір тауып алып ескіртіп қойдық қоо.
a63a1
ха-ха-ха =)))
Jako
ых-ых-ық...))))Айтпақшы біреулер смаипиктер пайдаланып жүр, олары қайда?
a63a1
ее оның машақаты көпқой былай көшіріп әкелу керек
Sapara
izdegen jaksi arine izdegenin tapsa tipten jaksi
Jako
Саке, неге "Іздеген жақсы іздейтін жар болса"-деп айтпайсың,қимайсың ба?
AKA
"Ұстаздан шәкірт озар" дейді ғой, Қарасақалдың туындысынан кейін оқығасын, шедевр дей алмай отырғаным… Иә, иә, қаталмын, ренжи көрмеңізші тек… :))
Jako
Ренжімеймін, өйткені мен ақын емеспін құрылысшымын ғой.
AKA
Оһһһ, әріптес! :) Ренжімейтініңізді біліп едім, себебі мынадай әдемі туынды жазған адам мейірбан келеді деп есептеймін. :)
Jako
Ака, сен де құрылысшымысың
a63a1
Менде ПГС-никпін
AKA
Сұраулы сөйлемнің соңында "?" белгісі қойылады. Енді, "әріптес" деп жазғанымнан-ақ түсінікті деп ойлаймын, иә, болашақ инженер-құрылысшымын. :)
Delfina
Керемет!
Delfina
Смайыл қойып едім… кодтар толып шығып кетті ғой :)
Jako
«Бір қызға»-деген өлеңді оқыдың ба?
ereke_enu
Баха, мынау сенің өлеңдерің ғой)))
Jako
Мұнымен не айтқың келіп тұр, мені ұрладың деп тұрмысың?
ereke_enu
Жоға))) Ол кезде әңгіме басқаша болады ғой
ereke_enu
Өлеңді жақсы жазады екенсіз… Жас кезіңіздің өлеңдері шығар..) Әлде қазір де іздеп жүрсіз бе?
Jako
Жас кездегі шатпақтар ғой.
Qarakerey
керемет өлең екен, жаза беріңіз, іздей беріңіз. Тек жазып қана қоймай, былай столдан тұрып, көше кезсеңізші
Jako
Рахмет,құдай көңіліңді көтерсін!
Zhanat
іздегеніңізді таптыңыз ба?
Jako
Менің маңдайыма тағдырым табуды емес,іздеуді жазған.
Zhanat
әлі ақ табарсыз,өмірде іздегеніңізді
Jako
Енді таппайтыным анық, мен тапқанымды жоғалтып алған адаммын.
Ademi
мен тапқанымды жоғалтып алған адаммын
.Қорқамын, осыдан қорқамын…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.