Іздеп сені

Іздеп сені таңдардан кештерден де
Сол баяғы оралдым өскен жерге
Біз жолыққан сол жерлер тұр ғой әлі
Біз аңсаған сен жоқсың көктемдерде

Өзіңді аңсап жалыңдым жаратқанға
Сені іздедім ақ шуақ таң атқанда
Мен өзіңді іздедім дала көктен
Күттім сені түн шашын таратқанда

Күттім сені соққанда жүрек ұра
Күттім сені жылай да күле тұра
Күттім сені көңілім сан құбылып
Күттім сені келмесің біле тұра

Тәңірімнен мен сені сұрағанмын
Бітпейді сұрауы да бұл адамның
Алғашқы рет мен сені көрген кезде
Қыла гөр деп бақытым жылағанмын
Тәңірімнен осылай сұрағанмын

Барған сәтте қасыңа шабыттандым
Сезіндім мен арайын жарық таңның
Тұрғандайын еркелеп маған шашың
Көрген кезде сені алғаш соны ұққанмын

Сен маған сезіміңді сыйлаған күн
Мына жарық әлемге сыймағанмын
Аялауым өзіңді соншалықты
Қолыңнан да ұстауға қимағанмын

Қарадым жанарыңа жырымменен
Көздеріңнен айналдым күлімдеген
Өмірімнің маңызды бөлігісің
Басқаларға ешқашан білінбеген

Ойлай берсем басылмас сағынышым
Сен мендегі азаптың қарымысың
Сен менің жолдарымның жарығысың
Мен бәріне барамын жарық үшін

Өзгелерден әлемім бөлек менің
Неге екенін білмеймін себептерін
Сүйем сені сүйемін сондықтанда
Тек саған асығуым керек менің

14 пікір

Jako
Саке тамаша,өмірдің өзі іздеумен, табудан, түсінісуден тұрмай ма? Аллам бір-бірін іздемейтіндерден сақтасын! Мен де бір аты да, заты да осыған ұқсайтын өлеңімді іліп жібердім, пікіріңді айтарсың.
MSHERIMBEK
Сіздің өлеңді оқып, сол сарындас өлеңім бар екені есіме түсіп кетіп жариялап отырған жерім ғой:)
Jako
Жақсы өлең екен,ұйқы қайда?
MSHERIMBEK
Үйреніп қалғанмын осылай:) Ұйқы таңертеңгі 8 ден 12 ге дейін:) Жұмыс істеп отырмын:)
MSHERIMBEK
Өзіңізде?
Jako
Мен таңертең жұмысқа баратын болсам да отырамын кейде.Қазір СЖ-ан келдім, біраз отырайын деп.Онда 9адам отыр.
MSHERIMBEK
Күндізгі отыратындай 150-160 болып кетеді ғой:) Ең алғаш ашылған кезі есімде: Ербол «сайтта 18-20 адам отыр» деп қуанып жүретін еді:)
beko
Өлең шумақтарын жазатын қасиеттерің бар ма еді, жаман емес (күлімдеген смайлик)!
vkm
Садко, күүүшті! Тағы қой, оқиық)
MSHERIMBEK
Асықпа, айналайын:) Онсыз да сайт өлеңге толып жатыр:)
a63a1
негізі өлең десе көп адамның іші жылитын тәріздіғой дим ә? =))
Sapara
jaksi olen eken eritedi kandai jandi da )))))
AKA
Әрине, зынннн… зынданға емес! Басымды иіп, мойындадым!
Korkem
Туһ, бақытты болғыр қай қыз екен мынаны ішіңнен суырып сыртқа шығарған?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.