Оңбағансыз

Сіз осы шыныменен білмейсіз бе,
Кезігіп қалам неге бірдей сізге,
Сіз жүретін жерлерде әлде мені
Адасып, не ерігіп жүр дейсіз бе?

Қағылуы махаббат қанатының,
Жаныңызға жабырқап баратыным,
Байқалмайма сізге осы,
Қарасаңыз,
Қып-қызыл боп, қипақтап қалатыным?

Сізді ойламай, көзімді әлі ілдіріп,
Көргенім жоқ, керекпе жалындыру?
Өртенемін, жаныма жалын кіріп,
Әдейі сіз жүрсізбе, бәрін біліп?

Қара көзден қашсаңыз, несіне ерсіз?
Бір әдемі бақытқа кешігерсіз.
Қарап қалсам, өтесіз көрмегенсіп,
Оңбағансыз, не деген, кешірерсіз!

10 пікір

Akmanat
kyz suise kalady, jigit suise alady!
qyrmyzy
Қыз сүйсе, қалмайды, негізі. Қалған сияқты болады, бірақ жүректің түкпірінде жатады сезім. Жітіг сүйсе, алады © дауым жоқ
qyrmyzy
Бүгін поэзия күні ме?
Akmanat
21 nauryzda otip ketken
Korkem
Несі бар, жап-жақсы! авторы кім?
zhaniya
Авторы: Күләш Ахметова
qyrmyzy
оңбаған ©
zhaniya
Иә, сезіміңді елемеген жігіттер- ОҢБАҒАН
qyrmyzy
Олар біздегі сезімді елеуі міндетті емес. Оны жолықтырғаныңа, сондай сезімді сыйлағаныңа рәқмет айтп жүре бер!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.