Толғау

Маған керемет ұнаған мына бір әнді назарларыңызға ұсынбақпын:

Арманда арман, арман жұрт,
Алланың нұры тамған жұрт,
Сағида сағым көшкен жұрт,
Қырықтың бірі қонған жұрт.
Отырар болып қорғанып,
Түркістан болып қомданып,
Алтыны қымбат аймаққа
Алтын Орда боп орнадық.
Ұлы жүз болып қауғалап,
Ұлы бір өрттей қауладық,
Орта жүз болып қаламап,
Ел намысын дауладық.
Кіші жүз болып күрестік,
Табансызбен тірестік.
Киелі байрақ қамалда
Ел бірлігін сомдадық.

Көк бөрі болып жұмылып,
Көк бөрі болып ұлыдық.
Көк жүзі нұрлы сәуле боп,
Көк тасқа құйдық жылылық.
Өтеген болып көз жұмып,
Күнту боп қайта тірілдік
Көк алмас қылыш жүзіндей
Жарқырай беру ұлылық.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.