Көңілсіз сәт

Кең дүние ай, көп пе еді қиянатың?..
Қиянаттан жерім жоқ сыя алатын.
Мынау құнсыз өмірдің құны қазыр
Насыбайдың құнындай бір ақ атым!..

Көп екен ғой көргеннен көрмегенім,
Көп екен ғой бергеннен бермегенім.
Сен емес боп шықты да сен дегенім
Мен емес боп шыққандай мен дегенім…
… Көп екен ғой, құдай ау көрмегенім!..

Көп екен ғой татқаннан татпағаным,
Көп екен ғой тапқаннан таппағаным.
Мынау тұман тіршілік қазыр маған
Жасырынбақ ойынындай жас баланың!..

4 пікір

pana
ұнады өлең!
m170785
Ұнағанына қуаныштымын Сая
qyrmyzy
Көп екен ғой, құдай ау көрмегенім!.
рас, рас!
m170785
әр пенденің адамзаттың көргенінен көрмегені де көп, әлі де білетініміз, көретініміз керек ақ
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.