Жұлдыз-Сезім

Өзіңнен алыстап, алыстап барамын
Соңғы күн қиылып неге ұзақ қарадың,
Сезімнің серті деп, махаббат өрті деп,
Жаралы жүректі сөзбенен жазамын.
Көздерің жәудіреп,қиылып қабағың
Атқан бір таңдай боп жарқырап тамағың,
Найзадай кірпікпен жүректі жамадың,
Жамадың, жамадың, мен де ұзақ қарадым…
Мөп-мөлдір әдемі,әдемі жанарың,
Осылай бейнеңді сөзбенен саламын.
Қоршап-ап жалғыздық мен жалғыз қаламын,
Мен жалғыз аспаннан көп жұлдыз санадым,
Әр жұлдыз бір сезім-жарқырап жанады,
Әр жұлдыз бір сезім-үлкейіп барады,
Әр жұлдыз бір сезім-сөніп те қалады,
Жана бер жұлдызым- мен соны қаладым!

4 пікір

AKA
Мынадай өлеңдеріңмен осындағы «Махаббат» апталығының байқауына қатыссаң жүлделі орыннан көрінуің мүмкін.
pana
жана берсін! түсіне алған өлеңдерімнің бірі!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.