Жайлаубай Қазиев-Жолы жатыр Қазақтың

Бұл шаңырақ ғасырлармен түлепті,
Қаншама рет тебірентіп жүректі.
Көрдік біздер арманына жетпеген,
Төлеген мен Жайық Қызы Жібекті.

Жүрегіңмен халқың мәңгі сырласқан,
Өзіңмен өнерің де белге асқан.
Мың алғыс аз төріңдегі ұрпаққа,
Өмірің боп өміріңе жалғасқан.

Тұлпарымен шыңға шыққан таланттың,
Дарыныңды сен де бірге тараттың.
Менім елім ежелден ақ ерке өскен.
Жолы жатыр қайда барсаң Қазақтың.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.