Ашындым, брат, қайтейін?!

Бауырым, сен мынадай емес едің,
Нар тұлғаң Махамбетпен теңесетін.
Қайдағы бір жүрген жан болғанымда
Бұлайша уайымыңды жемес едім.

Табиғатың бұрыннан ашық еді,
Мінезіңе талайлар ғашық еді.
Өрлігің де тұлғаңа жарасатын,
Ерлігің де дүркірер жасын еді.

«Ақиқат сөздеріңді» ұға алмадым,
Ұқпадым, брааааат, онымды бұға алмадым
Түсінгім-ақ келсе де өзің айтқан
Түсініктің үдесінен шыға алмадым.
Айтшы маған, мен білген нар жігітті
Тура жолдан айырып, кім алдады???

Ойлы едің, мұң-көңілді емдей берген
Жан едік қой, бір нанды теңдей бөлген
Братааааан айтшы маған ақтарылып
Өзіңді жоғалттың сен нендей жерден?

Кім саған «ақиқаттың» уын берген
Қанжар сұққан қай жауыз буын жерден
Қалайша сен құлаттың жан бауырым
Сара болған тұлғаңның туын жерге?!

Брат, сен дәл мынадай емес едің.
Әншейін саған бұлай демес едім
«Заңмен» емес, дүмшелер ойдан жазған
Жан едің саф ақылмен кеңесетін
/Толғандырад, бауырым келешегің
Ойландырад қауымға «берешегің»/

Тілегім сен, бауырым тілегім сен
Намысты ер, қазақтың ұлы едің сен
Бір бұйымтай: Өзіңді ойлап жүрер
Садконың бар екенін біле жүрсең

Ал қалғанын, бір Тәңірге тапсырдым, бауырым:(

18 пікір

followme_alik
Өлең жақсы-ақ. Брат нестеп қойды, түсінбедім?..
MSHERIMBEK
Дін ғой, браат, дін ғой сол баяғы :( Басқа проблема қайда келер дейсің?!
followme_alik
Ендігі уақытта Түзелсе етті _...
Manas
Дін адамды толықтай өзгертеді.
Jako
Садық, тамаша жазылған. Шынайы жанайқай, жаныңа жақын жанның жағдайын ойлап қиналу, мына бір қатыгездеу заманда кез-келгеннің еншісіне беріле бермейтін нәрсе.Бірақ, сол братыңды «Ағатай»-деп жазсаң өлең ашыла түсер еді де, көп құлағына жағымды естілер еді. Түсінемін ата болсамда «братан»-деген сөзді әлі қолданып қалатывн жерлерім,қайталап айтамын қолданатын жерлер болады., сонда да бұл жерде…
Jako
Ал қалғанын, бір Тәңірге тапсырдым, бауырым:(
Ешкімнің наным, сеніміне қол сұққым келмейді, десек те «Бір Аллаға тапсырдым»-деген дәстүрлі дінімізге тура болар еді.Бұған Ясин өз ойын айта жатар, мен қателесуім де мүмкін.
AKA
Тарихшы ағайымыз: "Қазақтар ерте кезден «Тәңір» деп айтқан" деген еді, бір сөзінде.
Manas
Абай заманында «Алла» деп айтқанғо.Негізі Құранда Аллах деп жазылған.
AKA
Білем, мен оған қарсы шыққаным жоқ қой. «Тәңір» сөзінің де қолданылатынын айттым.
AKA
Дұрыс, келісемін.
Korkem
Тәнтімін талантыңа
AKA
Түсінікті… сабырлы болшы, бәрі жақсы болады.
dimash
Братааааан айтшы маған ақтарылып
 Өзіңді жоғалттың сен нендей жерден?

Осы жерінде бір зор дауыс естіледі екен, тамаша, брат!
Karakulov
Кешір, Достым, айтқаныңмен жүре алмадым,
Қанша тостың, сонда да еш тіл алмадым,
Сенен қаштым, Сенсіз өмір қызықты деп,
Қара басты — бақыт неде біле алмадым.

Қу нәпсімді тоқтатпадым, тыя алмадым,
Жалғанға еріп, есімді еш жия алмадым.
Жалғыз қалсам өзіме өзім қаным қайнап,
Өз терімде бөтенсініп сыя алмадым

Шайтан жау деп біле тұрып жиі арбандым,
Сенсіз бақыт табам деп қиялдандым,
Қанша жерден ұмтылып, сый алмадым,
Себебі мен өзімді-өзім жиі алдадым.

Сенен қашып, сорлы басым, қарға басым,
Соғылды ғой қанша рет жарға басым.
Дүниеге көп еріп кете бердім,
Ішімдегі жан сарайым тар болғасын.

Көңілге ілмей, кей-кезде бір Өзіңді,
Таудай көріп санап кетем ірі өзімді.
Андаааааа-санда ұшқын сәуле жарқ етеді
Қимай Отыңа тастауға тірі өзімді.

Садко ағамыздың өлеңіне тікелей байланысты емес, тақырыбы жақын болғасын өз үлесімді қосқым келді.
Jako
Бір жағыгнан қарасаң жауап сияқты екен.
konvict
Брат, сақалыңды осыдан кейін алып тастадың ба?
olzhabek
акансовка не болды айтщы:?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.