Асығу

Асықпайтын уақытта асығамыз,
Ақиқатты несіне жасырамыз.
Жолға шықсақ жетуге асығамыз,
Жете салып кетуге асығамыз.
Таңда балабақшаға асығамыз,
Түсте алар ақшаға асығамыз.
Мүлт кеткенді тергеуге асығамыз,
Біреу өлсе жерлеуге асығамыз.
Таныса салып дайынбыз достасуға,
Амандассақ даярмыз қоштасуға.
Үйлене сап жатамыз ажырасып,
Асығамыз болуға тағы ғашық.
Жағаласып, сандалып, сабылысып,
Жүгіреміз қашанда асығысып.
Төзім құрып қалған ба, тағат тозып,
Әлде жүрегіміз кеткенбе сағатша озып.
Уақыт жоқ, уақыт жоқ деп,
Уақытқа бақырамыз
Осы біздер қай жаққа асығамыз.

Авторы белгісіз

20 пікір

AKA
Авторы: Ұлықбек Есдәулетов
banzaika1990
рахмет, бір газеттен қиып алып блокнотыма жабыстырып қойған екем, авторын жазып алмаппын
VVVWWW
Ой осы сенде таңғалдыруыңды қоймайсың (сені өлең оқиды деп кім ойлаған)
Бұл Есдәулетовтың өлеңі ғой
banzaika1990
үйде жалғыз отырғанда кей кезде М.Шаханов ағамыздың өлеңдерін алып даусымды шығарып өз-өзіме өлең оқитыным бар. «Отырар Сазы» өлеңін қайта-қайта жатқа оқудан тынған емеспін)))))))))
VVVWWW
Ох, менен бұрын АКА жазып қойыпты ғой авторын (менікі әзіл ғой)
негізі поэзияны кім оқымайды
AKA
Асығу… Кетіп қалғым келеді, анааау жаққа… көңіл-күй жоқ (((
kz_aidar
Мыналар бір ойландырып тастады…++++…
Мүлт кеткенді тергеуге асығамыз,
Асығамыз болуға тағы ғашық.
Төзім құрып қалған ба, тағат тозып,
qyrmyzy
Асығаа береміз:( Таңертең жұмысқа, жұмыстан үйге, ұйқыға…
banzaika1990
жұмысқа орналасып алдын би, малдессің осы сен
qyrmyzy
ой, жоқ. Резюмелетіп жүрмін. Магистрға документ жинап:)
banzaika1990
мен магистр-дан бас тарттым, менікі емес
qyrmyzy
оқып алшиш, артық етпейді. Депресняк емес пе,әйтеуір???
banzaika1990
жоги, депресняк екен деп оқу оқымай не бопты
qyrmyzy
жооқ, жұмыс жоқ, жігіт жоқ деп нетіп кетпедің бе деймін:)
banzaika1990
ееее жоғи, реті келгенде айтып қалғанымыз болмаса соған соншалықты переживать етіп жүрген мен жоқ, ал жұмыс табылады, қазір менде тамызға дейін заслуженный демалыс )))))))))))))
qyrmyzy
вооо, керемет! Андай демалыс алсаң, керемет қое:)Со жазбаны бастаймын-ау деймін:))
banzaika1990
о ноу, ол жазбаңды қоя тұр, со жазбаның қажеті жоқ секілді, бір түрлі ғой как то, ұялып қалам
qyrmyzy
нягып ұяласың? Бәрі норма
banzaika1990
саған сендім онда))))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.