Махаббат туралы үздік өлеңдер

Махаббат туралы үздік өлеңдер

Білектей арқасына өрген бұрым…

Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?
Аласы аз қара көзі айнадайын,
Жүрекке ыстық тиіп салған сайын,
Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді,
Тісі әдемі көріп пе ең қыздың жайын?
Бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ,
Болады осындай қыз некен-саяқ.
Піскен алма секілді тәтті қызды
Боламын да тұрамын көргендей-ақ.
Егерде қолың тисе білегіне,
Лүпілдеп қан соғады жүрегіңе.
Бетіңді таяп барсаң тамағына,
Шымырлап бу енеді сүйегіңе.

Абай

Махаббат па?..

Махаббат па?
Махаббат болған еді.
Таудың мен еркін жүрген тағысы едім,
Тапты да, түсірді ғой торға мені.

Махаббат па?
Махаббат болған менде.
Жиі барғам аққулар қонған көлге,
Ал қазір тоңған жүрек, солған кеуде.

Ғашықтық па?

Ғашық та бола білгем.
Бір-ақ жанға ғашықпын бала күннен,
Жанымменен сүйемін, жанарыммен.

Сағыныш па?
Қалай оны тауыса аламын.
Сағынғанмын, шөлдегем,
Ақыры шаршағаным, шаршағаным.

Сүйгенім бе?
Сүйгенім өмірде емес.
Ұйықтасам, түнде түсім, көңілде елес,
Өлгенше кетер емес көңілден еш…

Мұқағали Мақатаев

О, махаббат!

О, махаббат, сен әлі тірі ме едің?

Көзімнен ғайып болған күнім едің!

Гүлім едің,

Елтіген түнім едің.

О, махаббат сен әлі тірі ме едің?!

Мен сені ұмытқанмын

Жылытқаның есте жоқ, суытқаның,

Суып қаным,

Жинағам құрып хәлім.

Құлаған отауымның уықтарын,

Содан бері мен сені ұмытқанмын.

О, махаббат, сен әлі тірі ме едің?

Тірі болсаң, мен де енді тірілемін

Ақ періште алдына жүгінемін,

Қолдай гөр, ғашықтардың пірі мені!

Мұқағали Мақатаев

Мың жұлдызы бар болса да…

Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны,
Бір жұлдыздан тұрады, махаббаттың аспаны.
Сол бір жұлдыз жанады, сол аспанды жарық қып,
Жарықта да түк көрмес ғашық болған жарықтық!
Сол жұлдызсыз белгілі, оның естен танары,
Маңдайда емес, жүректе — Ғашықтардың жанары.
Сол жүрекпен қараймын, сол жұлдызға сүзіліп,
Шаңыраққа ілінді ол, көк аспаннан үзіліп.
Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны,
Бір жұлдыздан тұрады шаңырақтың аспаны!

Қадыр Мырза Әли

Аяймын махаббатты жетім қалған

Өкінбеймін біреуді өпсең де өліп,
Өкінбеймін біреуге кетсең де еріп.
Жазмыштың маған жазған пендесіне
Мен-дағы кезігермін көп сенделіп.

Мұң ба екен,
Мұның бәрі уайым ба екен?!
Бүгінде ойым бөтен, жайым бөтен.
Қойнына қона алмаған қос аққуға
Қол бұлғап қала берер – қайың мекен…

Жабықпа,
жарылқасын бетіңді алдан.
Өткен күн өшкен, көшкен секілді арман…
Болар-ау бәрі де ұмыт,
Амалым не,
Аяймын махаббатты жетім қалған.

Исраил Сапарбай

Кешкі ода

Сенің ернің – пейіштегі гүл сынды,
Демің сенің – сездіреді тылсымды…
Көзің сенің – Ай жұтылған түн сынды,
Сезім неге мөлдіреген мұң сынды?..

Қара шашың – Қара теңіз толқыны,
Қарашығың – мен адасар жол түбі…
Жүрегіңе сезіле ме, тыңдашы,
Сені аңсаған жүрегімнің солқылы?!

Саусақтарың – жапырағы қайыңның,
Қауырсынның сәулелермен ойыны…
Жанарыңда жасырулы мың жұмбақ,
Көзқараста періштенің пайымы…

Қасың сенің – иілген адырнадай,
Сабырың ше? Құламас қабырғадай!
Кірпіктерің өрнек салар құбылған,
Әр өрнекте тығылған Тәңір бардай!

Қыр мұрының – таулардың сілеміндей,
Нұр-ғұмырың – баулардың тілегіндей.
Қарашы әне, майысқан аппақ гүлді,
Дәл өзіңнің нәп-нәзік білегіндей!

Бар өмірің мен үшін – жарық шашқан,
Төбемдегі жайқалған алып Аспан!
Бітсе менің өмірім жер бетінде,
Құстай болып көрінер жаным ұшқан.

Ұшса егер құс-жаным сағым құшқан,
Ұшса ұшар, бесауат сабылыстан.
Кетсем егер, кетермін бұл жалғаннан,
Саған деген өртенген сағыныштан!

Ақберен Елгезек

Өлеңдер massaget.kz сайтынан алынды.

43 пікір

Ais_97
ұнамаса өшіріп тастасаңдар болады!
Jako
Айсара ішінен таңдап біреуін қалдырса қалай болар екен?
Jako
Ойиибоййййй.
Ais_97
минустың астына көміліп жатырмыз, ойбой!
Manas
Махаббат апталығы бітті, ойбцц)
Ais_97
туууһ өліп барамын, біттім! кешірерсіңдер достар!
Manas
+қойып ,қойып жіберін пікірлеріңе сонда нӘрмалнӘ болады
Ais_97
нәрмәлнә,қызық иә минусталып қаласың, біз плюсты нанға жағып жемейміз Қырмызы айтқандай,өздері біледіғо қанша баға қойғысы келсе де, рахмет плюсыңа!
Ais_97
манас сені плюстадым!
alikona
неге? не болды, нормально бәрі! бәрін ерінбей оқып шықтым! рахмет!
Ais_97
Оқасы жоқ тек минусталғаны болмаса!!! Рахмет!
Ais_97
Достар пікір жазсаңдаршы ұнамай жатырма? Неліктен минустадыңдар?
Korkem
Айналайын, Айсара! Біріншіден, жазбаңның қайсысы тақырып, қайсысы автыры екені белгісіз, яғни барін жирный курсивпен жазғансың. Тым болмаса бір өзгешелік жоқ, оның үстіне бәрі білетін шумақтар мынау. Сосын Массагеттен осында көшіруді көпшілік қаламайды. Осында кірген көпшілік Массагетке де кіреді. Сосын сәл-пәл фантазияңды іске қоссаңшы, тартпайт мынау жазбаң. Сосын, махаббат дегенді қойсайшы, езе беріп қайтесің, онсыз да жауыр болған махаббат ол. Сосын, пілус, минусті майға жағып жемейтінің рас болса онда несін сұрайсың «ибәй әй жазсаңдарш» демей-ақ. Сосын, осы сені пілустап тастасақ неге «неге пілустадыңдар?» деп сұрамайсың а?

Саған совет айтайын, + көөөп алғың келсе махаббатыңды әлгі Париге пихать етжжіверсиш. Аямай пілустайды жұрт.
m170785
өөй Көркем ай қатырдыңыз ))))))))), үнін өшіріп тастадыңыз ғой, қатты кетіп, жаман болды ол қызға кішкене.
Ais_97
менің үнім өшпейдіғойй хехе!
Ais_97
Айналайын Коркемжан рахмет көп-көп! Пари тек досым, бәрі махаббатым деп ойлайды екен,өзі ғашық боп жүрғғоо ол!Қолдағаныңа рахмет, сен жақсысың!
AKA
Айналайын Коркемжан
Мәләдес Перне… тойыс Айсара!
pari
өзі ғашық боп жүрғғоо ол!
о астрапалла, не деген политика---
Zhassiko
Muxaxa..)) dep Erbol kulkende kulkisi bir turli degenmin..))
pari
потеря :;::;:
Ais_97
Жаман айттыңғо ужс, сенен бұндай сөз күтпеп едім! Ойынғо-ойын дұрыс айтасың көркем, ақылыңнан айналдым!
Korkem
ойбай-ай, Айсара күнімді Құдай саған түсірмесін!
Ais_97
Айтқаның дұрыс-дұрыс!Қатты кетсем ренжімеші достым Көркем!
AKA
Мына соғысты қалай жіберіп алғанымды… Айсара, қайтпа, сенің де жазуға құқығың бар ғой. Айт, Көркемге, тоқтамашиш
AKA
«ибәй әй жазсаңдарш»
Сенің осылай айтқаныңды елестетсем…
Manas
Саған совет айтайын, + көөөп алғың келсе махаббатыңды әлгі Париге пихать етжжіверсиш. Аямай пілустайды жұрт.
Manas
не деген әзіл+ едіңіз))
Ais_97
ОЙ ҚАТТЫ КҮЛГІМ КЕЛІП КЕТТІҒО, ХЕЕХХЕХЕХЕХ!
AKA
Менің қалай күліп отырғанымды білсең…
Ais_97
күшті екен күлгенің хехех)))
Manas
өзі ғашық боп жүрғғоо ол
бәсе біргәп бар деп ойлап едім))айтым салдыма саған))
Ais_97
ғашық болса не болады екен а?
followme_alik
зачем Жауапсыз МахаббаТ?.. )
Ais_97
Махаббатпа білмедім ал, махаббатпен басым қатып жүрген жоқ,өз-өзіме жаман жынып кеп жүр, барғо!
Manas
бұл заманда))
Ais_97
маған айттығо!
AKA
Қандай позитивсің, рахмет саған!
Ais_97
оқасы жоқ, көп күлем деп шегің жарылып кетпесін, хехехех!
pari
сол гәбіңнен айналдым, көріпкел екеніңді байқамаппын, виртуальник!
Ais_97
ӨТІНІШ САЙТ АДМИНИСТРАТОРЛАРЫ БҰЛ ЖАЗБАМДЫ ӨШІРІП ТАСТАҢЫЗШЫ!
pari
ӨТІНІШ САЙТ АДМИНИСТРАТОРЛАРЫ БҰЛ ЖАЗБАМДЫ ӨШІРІП ТАСТАҢЫЗШЫ!
өлетін бала молаға жүгіреді, дегендей болып кеттіғо. Өзің жазыр өзің құтыла алмай отырмысыңЮ? муахахахаха
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.