Мұхиттардан от жағам-Жайлаубай Қазиев

Келгенім жоқ дүниеге ерте мен,
Мынау атом заманынан гүл терем.
Ақын деме жалынымен өртеген,
Егер өлең өрлігінде тұрмасам.

Дүбірлетіп асау шабыт келгенде,
Тайсалмаймын қарсы келген өрден де.
Жарып өтем жырмен Мұзды мұхитты,
Алапат күш ие бермей кеудемде.

Сосын сірә, тоқтай алман, тоқтаман,
Ақын жандар болары хақ ақтабан.
Өлеңімді күн қөзіне шалқытам,
Жерді қойып Мұхиттардан от жағам.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.