Жайлаубай Қазиев-Таңдарым көп

Таңдарым көп әлі менің атпаған,
Қонып жүр ме, қонбай жүр ме бақ маған.
Жолдар жатыр табаныммен баспаған,
Мен сол үшін ымырт кезден сақтанам.

Көңілімде шалқып жатыр асқақ ән,
Қазынам бар, халқым, саған ақтарам.
Күркіресе көгімдегі жырларым,
Найзағай болып, найзағай боп оқталам.

Тағдыр өзің тіршілікті сақтаған,
От суыңның неменеңе жасқанам.
Жыр жазамын, толғанамын, артыма
Жыр қалдырмай сірә да мен тоқтаман.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.