Өлімнің түсі

Өлімнің түсін көрдім!..
… Жүрек тоқтап, үзілді бітіп демің!..
Таусылмастай көрінген қайран өмір
Қысқа екенін түсінгенім!..

Өлімнің күшін көрдім!..
...Қағанағы жарылып ісінген Күн
Құлап түсті, тыншыды тірлік біткен
Не болды бітіргенің?!..

Өлімнің өзін көрдім!..
Қандай тәтті еді, қарағым, көз ілгенің?..
Ботасынан айрылып аңыраған
Зарлайды Бозінгенім!..

2 пікір

followme_alik
Ата-ананың қадірін балалы болғанда, Өмірдің қадірін ажалдың аузында қалғанда, Судың қадірін шөлдегенде білесің. © _ өмір-ай… ((( )
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.