Түсім екен...

… Біз екеуміз
Биік шыңның басында тұр екенбіз!..
Қолаң шашың төгіліп иығыңа,
Күн астынан күлесің Күнікей қыз!..
… Біз екеуміз!..

… Төбеде Көк!..
Төменге қарай беріп неге керек?!..
Дедің дағы, қалықтап көтеріліп,
Кете бардың… Аң таңмын;"Ә… Немене?"- деп…
… О, керемет!..

Түсінбеген…
Тысы таныс болғанмен, іші бөтен,
Мына тылсым тірліктің жұмбағына,
Көзімді ашсам жете алмай түсім екен!..
… Шүкір етем!..

5 пікір

Jako
Төбеде Көк!..
Төменге қарай беріп неге керек?!..
Дедің дағы, қалықтап көтеріліп,
Кете бардың… Аң таңмын;"Ә… Немене?"- деп…
… О, керемет!..


Иә, керемет!
m170785
ххх. пікір жазғаныңыз қандай керемет
m170785
ұнаған болу керек өзіңізге ағасы
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.