Сүйші мені.

Білем, сен тек сүю үшін туғансың,
Сүйші, менің ақша жүзім қызарсын.
Сүйші, қара бұрымымнан мәңгі боп
Екеуміздің ғұмырымыз ұзарсын.

Сүйші, сәулем, сен сүюге құмарсың,
Көңілімді көктем жаққа бұрарсың.
Сүйші, сенің ерініңнің шырыны
Ерінімде жылдар бойы тұрар шын.

Сүйші, менің мейірленсін көңілім,
Көмейімнен өтейінші төгіп үн.
Көз жасыммен ағып кетсін баяғы,
Сен сүймеген, мен күймеген өмірім.

Сүйші, менің жүрегімде от жансын,
Сүйші, менің суық көзім шоқтансын.
Сүйші, еркем, сүйе бер тек сүйе бер,
Әйтеуір, бір жалыққанда тоқтарсың…

Жұлдыз Бейсекова

8 пікір

Zhanat
Сүйші, сенің ерініңнің шырыны
Ерінімде жылдар бойы тұрар шын.
мені де келіп біреу суйсе ғой
qyrmyzy
не го, сүйгеніңіз бар емес пе?..
Zhanat
qyrmyzy
кечроооң, ұмытып қаппын
Zhanat
ойланамын)))
Korkem
Оқығаным бар еді. Негізі авторы басқа ма деп едім…
Jako
Авторы осы Жұлдыз, менің балдызым.
qyrmyzy
андай өлең екен.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.