Табылды Досымов-Қазақ едім дегенше...

Қазақтың Высоцкийі атанған марқұм Табылды Досымовтың шығармашылығынан

Қазақ едім дегенше, құсалықпын десеңші,
Тұзағына талайдың тұсалыппын десеңші.
Сәкен,Ілияс, Бейімбет үш арысты бір түнде,
Арамыздан ап кеткен үш әріппін десеңші.

Қазақ едім дегенше, бастық едім десеңші,
Самара асқан составпен астық едім десеңші.
Өзіме өзім, дүние ай, қас қып едім десеңші,
Қырып салған халқымды аштық едім десеңші.

Қазақ едім дегенше, нар едім ғой десеңші,
Бақ дәулетті шашуға бар едім ғой десеңші.
Кемелденген кездерде елу миллион болып,
Құла дүзде мыңғырған мал едім ғой десеңші,

Қазақ едім дегенше, дарын едім десеңші,
Әуелетіп Айдайға салып едім десеңші.
Бойдан қуат кеткенде, ұл қызыммен қоштасып,
Қарттар үйі алдында қалып едім десеңші…

Жалғасы бар…

8 пікір

alikona
иәә қазақтың алғашқы барт-әншісі еді…
m170785
Дауысы да ұнайтын, Табылып, жоқ болды ағамыз
m170785
екінші бөлімі кейінірек
AKA
Ооо, міне керемет!
Өмірді мынау, жаным-ау, мәңгілік деме,
Ұйықтап кетсем бір күні оянбай қалам...
m170785
Өмірзая өлеңінен
m170785
өмірзаяны оқыңыз
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.