Табылды Досымов-Өмірзая

Атыңды сенің айтамын ән қылып неге,
Қозым ау деші күлімдеп Баяндай маған.
Тірлікті мынау, жаным ай, мәңгілік деме,
Ұйықтап кетсем бір күні, оянбай қалам…

Оянбай қалам, бұл шындық, ұрыспа, қарғам,
Шөлмек тірліктің белгілі құлай сыңары.
Гитарамды алып елеусіз бұрышта қалған,
Бауырыңа басып, егіліп, жылайсың әлі.

Жүректе қайғы, баста мұң, көңілде қырау,
Оңай ма, жаным, жаныңды қайғы ауыртқасын.
Жүретін кезім болама өмірде мынау,
Шараптан емес, шаттықтан айналып басым.

Жанардан ұштың жасын күн базарым едің,
Ақ арман неге қол бұлғап шақырмайды алдан?
Отырам сосын тұнжырап, сазарып өңім,
Оқтаулы мылтық секілді атылмай қалған.

Атыңды сенің айтамын ән қылып неге,
Қозым ау деші күлімдеп Баяндай маған.
Тірлікті мынау, жаным ай, мәңгілік деме,
Ұйықтап кетсем бір күні, оянбай қалам…

3 пікір

VVVWWW
Табылды Досымов тек қана ақын ғана емес қазақтың тұңғыш бард-ақыны,
Бірде, Тұманбай әзілдеп «Ой сіздің жақта (Атырауда) тау жоқ қой қалай шабыт шақырасыңдар» десе керек, сонда Табылды алып жіберіп мына өлеңді шығарып жіберіпті дейді (өз жанды дауысы):

Listen or download Табылды Досымов Биіктік for free on Prostopleer
m170785
тамаша, пасыба
MSHERIMBEK
Оооох, Табылды деген сұмммдық мықты ғой. Вкөнтәктіде профилімде барлық өлеңдері бар:)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.