Сен және өмір.

Жүреріңді білсем де менсіз де оңай,

Жүрегімде тым суық дем сыздамай.

«Сенсіз өмір – өлім ол» деуші едім ғой,

Өмір сүріп жүр екем сенсіз қалай?!

Жүрегімнен жылылық жалғайды екпін,

Жақындауға жүрсем де бармай көп күн.

Жарығым-ай сүйгесін сені қатты,

Өмірді де жек көре алмай кеттім.

Сағыныштың селдетіп мұрасын кей,

(Жабығыстан жүрсе де сыра ішілмей)

Өмірімді жек көру – өз кінәм де,

Сені сүймеу жанымның күнәсіндей.

Көңіл-кеуде көңілді құлазып ап,

Өлімнен де баз кешіп сірә, жырақ.

...Өмір сүргім келеді,

әлі қалқам,

Сені сүю үшін де біразырақ…

Аспан Тілегенов.

4 пікір

pana
махаббат жайлы өлеңдердің мұнша әдемі әрі пафоссыз болуы сирек
pari
Өлең құрылысы маған ұнады.
Аспан Тілегенов.
мына ақынды танымадымс…
AKA
...Өмір сүргім келеді,
әлі қалқам,
Сені сүю үшін де біразырақ…
Әдемі!
qyrmyzy
Жүреріңді білсем де менсіз де оңай,
осы, осы ғой құртатын:(
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.