Кішкентай шумақтар

сезім сергелдеңінен туған жыр тамшылары)))

Түсінбе шын жүректі жалған ба деп,
Шатасқан мұндай адам жалғанда көп.
Өткен соң алтын уақыт енді өкінбе,
Келместей қайтып жүрек арманда боп.

Алаулаған аппақ таң,
Оятады барлығын.
Жүрегіме тіл бітсе
Ол жоқтайды өз гүлін.
Бір жүректің бұлбұлын,
Ояттың сен біл гүлім!

Мен сені сүйіп едім басымды иіп,
Махаббатты қорғадым жанды қиып.
Сол сезімнің отын да жағып едім,
Жалынында күл болдым өзім күйіп.

Мен сені ұнататын сияқтымын,
Көңілде бардай қазір бір-ақ мұңым.
Өзіңе ақтарыла сыр айтпасам
Өмір сүре алмайтын сияқтымын

Сені ойлаумен атады әрбір таңым
Бойымды өртейді бір жұмбақ жалын.
Сені ұмытқым келмейді ешқашанда
Сені көргім келеді, Сені Жаным!

3 пікір

AKA
Бәрекелді, көшірме өлеңдердің қасында, өзі жазған туынды алда тұрады әрдайым. Жаза түс! :)
followme_alik
Жаныңа оқыттың бе, ей ?!.. ғажап))
qyrmyzy
Сені көргім келеді, Сені Жаным!
маддис! Қызың оқысын:)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.