Табылды Досымов-Қазақ едім дегенше 2 бөлім

Қазақ едім дегенше, өліп едім десеңші,
Баындағы әркімнің бөрігі едім десеңші.
Шәкәрімдей шыңырау, тектілерді шыңғыртып,
Алпыс жылдай архивке көміп едім десеңші.

Қазақ едім дегенше, бөлтірік ем десеңші,
Талай дарын дүниеге келтіріп ем десеңші.
Мың жылда бір туатын Мұқағали секілді,
Алыбымды абайсыз өлтіріп ем десеңші.

Қазақ едім дегенше, нағыз едім десеңші,
Шаш етектен талайға қарыз едім десеңші.
Қолым қышып кеткенде, ер азамат үстінен,
Астанаға жазылған арыз едім десеңші.

Қазақ едім дегенше, дінсіз едім десеңші,
Қазақ едім дегенше, құнсыз едім десеңші.
Өзбегіңе мал сатып, шашлығын сыраға,
Қосып жеген дүние ай, мұңсыз едім десеңші.

4 пікір

alikona
Пах-пах-пах-пах)неееткен жолдар!
Қазақ едім дегенше өліп едім десеңші!
сөз жоқ, кеттім барлық өлеңдерін соткама жазам…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.