Мен білемін!

Неліктен басып алды қабақ қайғы,
Көп күттім, сол бақыттын таңы атпайды.
Суығын-ай жүректің суығын-ай
Мұз боп қатып жылуды жаратпайды.

Көз жасым неге сонша төгілесің?
Кеткің кеп менен неге жерінесің?
Түсінбеппін мына өмір түсінбеспін!
Мен білмеймін, сен сонда не білесің?

Кеудені қақ айырып тілемісің?
Жүрегім бостандықта жүремісің?
Қуанышты өмірде жүргің келер,
Мына өмір не боп кетті білемісің?

Мен айтайын кезегім келді менің,
Мен айтайын бәріңді сендіремін!
Бұл өмірдің уақытша қуанышы
Шаттығы да уақытша… Мен білемін!

Жүрегім сезімімнен от ала ма,
Жүрегім үнсіз тыныш жата ала ма,
Бақытты күл қып кетер от арада
Осылай да қуаныш атала ма!?

1 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.