Табылды Досымов-Биіктік

Ұнатады шыңда көңіл шырқауды,
Таулары жоқ төбемізден бұл ауды.
Толағай боп туылмадық, әттең ай,
Атырауға әкелер ме ем бір тауды.

Шыңды армандап төбесі көк сүзгілер,
Экраннан Эверестке үздігер.
Обаны адыр, адырларды төбе деп,
Төбелерді тау деседі біздің ел.

Тартыспай ақ Ғамзатовтай көкеммен,
Тау ұлы емес, қыр ұлы боп өтем мен.
Осы қырда төбешіктей аналар,
Дүниеге таудай ұлдар әкелген.

Ерліктері айналмайтын елеске,
Ереулі атқа ерін салған егесте,
Ереулі атқа ерін салған егесте,
Махамбеттің өзі бір тау емес пе?..

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.