Табылды Досымов-Биіктік 2 бөлім

Жанарымда жасын ойлап керемет,
Қарсы шыққан жауған оққа себелеп.
Санаң болса, қалай ғана айтарсың,
Нысанбаев тау емес ед, төбе деп.

Тау ұлдары тауда нағыз сарбаздай,
Жүздерінде шабыт оты жүр маздай.
Біздің қырда қыдырса егер бір жаздай,
Талай ақын кетер ме екен жыр жазбай?

Атыраудың алыптары берсе дем,
Таусыз ғұмыр кешеріме мен сенем.
Биіктікті айналайын туған ел,
Қыранының қанатымен өлшеген.

Бір құдірет тулағанда жас қанда,
Құлаш ұрмай тауға, шыңға, асқарға.
Қыр баласы тауға қарап өспейді,
Қыр баласы қол созады аспанға! 2рет

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.