Шын дос болсаң егер

Шын дос болсаң егер!
Досың үйіңе келгенде,
Қуанып құшақ ашарсың,
Ашарсыңда бауырыңа басарсың.
Әңгіме қылып, қал жағдайын сұрасып,
Қайткендеде дос көңілін табарсың.

Күн арада көңілін сұрап барарсың.
Барған кезде бар жоғына қарарсың.
Басына егер қиын қыстау күн туса,
Көмегіңді ұсынып ақ бағарсың.

Досың саған сөз қылып,
Қуанышын айтып бөліссе,
Қызғанып іштей тырыспай,
Қуанып сенде қаларсың.
Қайғысын айтып бөліссе,
Жақсы сөзбен жұбатып,
Қайғысына дауа табарсың.

Шын дос болсаң егер!
Әр дайым көңілің ашық болар.
Өкпе жоқ, барлығыда бауыр болар.
Ер жігітті азаматтай тәуір болсаң,
Досыңның сен дегенде көңілі толар.

Достық үшін адамның,
Таңдағаның дұрыс тәуірін.
Өкпе емес, сол кезде
Болар-ау досың бауырың.

6 пікір

torpedaip
Мұнда адамгершіліктің белгілері айтылған, авторға мың сан алғыс!
banzaika1990
«Дос болар қасыңда ыстық пен салқында
Жинаған ақшасын аямас қарызға» ))))))))))))))))) әзіл.

расымен мына өлеңнен біраз нәрсені түсінуге болады екен.
AKA
Өкпе емес, сол кезде
Болар-ау досың бауырың.
qyrmyzy
шын досқа не жетсін? Қуанышыңа қуанып, қайғырғанда жұбататындар аз ба деймін:(
satirik92
дос демекші өлеңнің өзі жанға дос екен!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.