Көп еді ғой дос деген...

Көп еді ғой дос деген, қайда солар?
Қайда солар, құтқарар айла табар…
АрыСтанды мертіккен айға шабар
Құлазыған көңілім ойға салар.
… Көп еді ғой дос деген, қайда солар?!..

Көп еді ғой таныстар, қайда бәрі?..
Сынды ау сенім семсері толғамалы.
Жвлғыздықтан жасыған жүрегімді
Қатал қайғы қайтадан жаулап алды.
Көңілдестер, құдай ау, қайда қалды?..

Қайда бәрі, қайда сол сырластарым?
Бірге оқыған жүректің жыр дастанын.
Бірге татқан бақыттың бал шарабын,
Бірге өткерген жастықтың нұрлы аспанын.
Құдайым ау, қайда сол құрдастарым?!..

Қайда солар бір көрген шат күнімді,
Қайда солар бір бөлген шаттығымды?..
Жақсылықта жолымды кесуші еңдер
Жамандықта қойдыңдар қақтығуды…
Жалғыздықтың жаныма батты уы!..

Қайдасыңдар, жаныма келсеңдерші,
Келсеңдерші, мені бір көрсеңдерші!..
Қуанышты бөлгендей бір кездері
Қайғыны да бәрің бір бөлсеңдерші.
...Қайдасыңдар, құдай ау, келсеңдерші!..

8 пікір

qyrmyzy
Есейген сайын достарың азаяды екен.
qyrmyzy
рас, рас.
AKA
Дос туралы керемет афоризм оқып ем, ұмытып тұрмын қазір. Еске түскенде айтамын :)
qyrmyzy
Имеке Тасмағамбетовтың «Дос керегіне» ештеңе жетпид ше
m170785
мен мұны достан аузым күйгендіктен жаздым. Сенен алыстаған соң, ұзаған соң, керексізсің оларға, пыш пыштап аңгіме тасыған. Қазыр санаулы ақ досым бар. Жаныңды ұғар, бірге күліп, бірге қайғыны бөліскен адамдар аз ғой аралас құралас болған,
m170785
өте аз қалады Рубен, саусақ санарлықтай
Ayala
Қандай керемет өлең...
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.