"Хабараспай..."

Хабарласпай
Өлеңді жазған: Күләш Ахметова
қоштасу
Хабарласпай кеткенің дұрыс болды,
Көңілі таңғы судай салқындасын деген шығарсын,
Оңашада қамығып ән тыңдасын деген шығарсың…
Менен басқа өмірді де есіне алсын деген шығарсың,
Егіліп жыларсың да, басыларсың деген шығарсың,



Май айында басынан күзді өткерсін деген шығарсың,
Сүйетіні шын болса, іздеп келсін деген шығарсың.
Мейрамда да қуанбай, мұңға батсын деген шығарсың,
Сынық жүзден суық мұз сырғанатсын деген шығарсың.
Менің әлсіз жанымды күйретейін деген шығарсың,
Қаталдыққы осылай үйретейін деген шығарсың,
Бәрі де солай болды, жылаймын мен
Ерісе деп ертерек мұз боп қалмай мұң,
Бәрі де солай болды,
Тек қана іздеп бармаймын.


Мен — нәзік гүлмін,
Сен — құламайтын шынарсың.
Бірақ мен шыдаған дауылға сен шыдамайтын шығарсың?!


ПЫСЫ: ФБны ақтарып отырып, досымның тақтасына ілінген жоғарыдағы өлеңге көзім түсті. Бір өлең жаттап алу керек еді деп жүрген маған алдымнан шпор атып шыға келді. (Біздікілер бешірлерде өлең оқиды) Әдемі өлең. Сезім… сыр… шындық…

17 пікір

Korkem
Мен — нәзік гүлмін,
Сен — құламайтын шынарсың.
Бірақ мен шыдаған дауылға сен шыдамайтын шығарсың?!
жахсеее)))
qyrmyzy
Бірақ мен шыдаған дауылға сен шыдамайтын шығарсың?!
ӨРТ!
Korkem
ӨРТ!
өрт емес, ШЫНДЫҚ!
AKA
"Қыздың жанын ұққың келсе, Күләшті оқы" деуіңіз қалды енді…
Sabions
темааа… жақында басымнан өткен жағдай ")
Бәрі де солай болды, жылаймын мен
-ға дейін
MSHERIMBEK
massagetstyle:(((
qyrmyzy
массагетіңе кірмейді екем, оқымайды екем. Так что…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.